Әннің шыққан уақыты белгісіз

Материалдар санатында: 1034
Материалдар көрсетілді: 1021-1030
Беттер: « 1 2 ... 101 102 103 104 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,
Ақын-салдар құрады бек салтанат-ей.

Қайырмасы:
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,
Үлкендерден қалыпты ойын-санат-ей.

Қайырмасы:
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,
Қойдың еті тураса болады ұсақ-ей.

Қайырмасы:
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Атамыздың атасы өлеңші екен-ей,
Біз де өлеңші болайық солар құсап-ей.

Қайырмасы:
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көзіңнен айналайын, қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріңе қонақтарын.

Қайырмасы:
Ахау айым,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.

Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ.

Қайырмасы:
Ахау айым,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ай-күнім, Айман айым денің сау ма
Шырмалған ақ шабағым қиын ауға
Алыстан аласұрып келдім жетіп
Болсын деп шыбын жаным саған сауға

Қайырмасы:
Қару-жарақ тағынып
Айырылдым деп неғылып
Айман айым, жұлдызым
Жаңа таптым сағынып

Кешіктім, көп отырдым, тас қамауда
Қапамен дәурен өтті күн санауда
Жеткенім осы-ау болды, кешірерсің
Салсам мен тон тонауды қан талауға

Қайырмасы:
Қару-жарақ тағынып
Айырылдым деп неғылып
Айман айым, жұлдызым
Жаңа таптым сағынып
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Талдан таяқ жас бала таянбайды
Бала бүркіт түлкіден аянбайды

Қайырмасы:
Угай-ай
Ән салшы-ай
Бір бала-ай
Қос етек бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел

Елдің көркі, ақ тоты бір баласың
Қай дұшпан көзі қиып жамандайды

Қайырмасы:
Угай-ай
Ән салшы-ай
Бір бала-ай
Қос етек бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел

Айналайын қарағым келдің қайдан
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан

Қайырмасы:
Угай-ай
Ән салшы-ай
Бір бала-ай
Қос етек бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел

Мекеніңді қарағым айтып қойшы
Жат болмағы адамның осындайдан

Қайырмасы:
Угай-ай
Ән салшы-ай
Бір бала-ай
Қос етек бұраң бел
Қуалай соғар қоңыр жел
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Қыздар қыздар,не деген сұлусыздар,
Кел кел жаныма,ән салайын тағыда.

Бой жеткен сұлу қыздар,
Жүрегімді жауладыңыздар.
Ғашық болып қалғандаймын мен,
Жүрегімді жаулағандай.

Қайырмасы:
Қыздар қыздар,не деген сұлусыздар,
Кел кел жаныма,ән салайын тағыда.

Қазағымның қыздарына,
қай бір сұлу тең келеді.
Өзге елдің қыздарыннанда,
қазақтың қызы әдемі.

Қайырмасы:
Қыздар қыздар,не деген сұлусыздар,
Кел кел жаныма,ән салайын тағыда.

Қайырмасы:
Қыздар қыздар,не деген сұлусыздар,
Кел кел жаныма,ән салайын тағыда.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Биле биле биле,
Қолды көтер қәне.
Бұл әуенмен тербеген,Тано бұл жерде.

Көңілді көтерсең,бұл әуенге тербелсен,
Жаздың ыстық күнінде,билеп шөлдесен.
Мандайыннан тер ағып,ештене сезбей,
Жүрегің қобалжиды,білем дүрсілдей.

Қәне биле бауырым тоқтама,
Қыздармен биле ортаға.
Көзіңді жұмып ойлана,
Жастарсыз өмір болама.

Қайырмасы:
Биле биле биле,
Қолды көтер қәне.
Бұл әуенмен тербеген,Тано бұл жерде.

Өмірдің қиынын,бір сәтке ұмытып
Бақытты күніңді жүрші сен есіңе ап 
Бейлейік кәне,ортаны шандатып 
Қарасын біздерге барша ел тамсанып

Қәне биле бауырым тоқтама,
Қыздармен биле ортаға.
Көзіңді жұмып ойлана,
Жастарсыз өмір болама.

Қайырмасы:
Биле биле биле,
Қолды көтер қәне.
Бұл әуенмен тербеген,Тано бұл жерде.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Неге мені тастап,кеттің айтшы,
Жанымау маған,енді қайтшы.
Деп жалынбаймын,саған енді,
Көзіме көрінбей,жоғал кетші.

Арамыз осымен біттіма,
Бұрынғыша дос,болып қалдықпа.
Не болсада,менен жырақта,
Қандай қыз екеніңді,білдім соңында.

Қайырмасы:
Махаббат дегенің,міне осыма,
Не болды айтшы соңында.
Жанымау көзіме,тура қара,
Менімен неге жүрдін,айтшы соныда.

Елес болып кетейін,көзіңге көрінбей,
Сен меніде ұмытшы,бұрынғыны білмей.
Қызғаншақсын білемін,беремін дәлелдей,
Соңында жүрмей қалдын,ісіңе өкінбей.

Мені ойламадың,қандай күйде болам,
Сен үшін жылап,көзімнен жас аққан.
Мен саған әрқашан,адал болғам,
Осыны ұмытпашы,менің қалқам.

Қайырмасы:
Махаббат дегенің,міне осыма,
Не болды айтшы соңында.
Жанымау көзіме,тура қара,
Менімен неге жүрдін,айтшы соныда.

Мен сені ұмытамын,ұмытқым келет,
Мені сағындың білемін,жүрегім сезет.
Шынымды айтсам,махаббат келет кетет,
Сағанда бір күні,бақытың келет.

Осы әуенді арнадым,саған қалқам,
Бақытыңды тілеймін,мен әр қашан.
Тура бағытталған,жолдан тайман,
Мені есіңе аларсын,қарап фотодан.

Қайырмасы:
Махаббат дегенің,міне осыма,
Не болды айтшы соңында.
Жанымау көзіме,тура қара,
Менімен неге жүрдін,айтшы соныда.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Екі мын он басталды,тано рэп айтып бастады,
Адамдардын ойлары,аррам болып шыкканы.
Бірак кателесіпті,ойлаганы бекер болды,
Тано осы онерменен,кадам басып алга шыкты.

Достарымда болды менін,мені талай алем кылды,
Отырыста отырганда,ауенімді косып мазак кылды.
Олардан конілім калды,бір жолыта мангі.
Енді оларды корсе,Тано мулдем танымайды.

Анама мын алгыс,маган шабытты беретін,
Балам акын болып келет,деп куантып жіберетін.
Шыгарган анімді тындатсам,жаксы деп куантады,
Сосын барып Мс Тано,калганына таратады.

Екі мын он бір ден бастап,вокал айтып бастадым,
Кыздардын журектерін,ауеніммен жараладым.
Менімен журген кыздар болды,тек атакка кызыгатын,
Сонында журмей калып,конілімді калдыратын.

Шын конілмен ан арнадым,мені бірак багаламат,
Керсінше менін журегімді олар жаралат.
Мен оларды казір корсем,шынымды айтсам кускым келет,
Олармен неге журдім,деп басыма ойлар келет.

Мені барі жулдыз дейді,котагымнын басы,
Ит кусап уре бермей,котакпас-ау жатшы.
Мен карапайыммын,келіп кет сенбесен,
Сол кезде коресен,сенбесен козіннен.

Басында сонында ортасында,дал осындай болган,
Барымша тырысып,ашшы шындыкты жазгам.
Мен ешкімнен кысылмаймын,маган жок кедергі,
Мен жайлы білмейтіндер,ендігі біледі.

Керек емес анау-мынау,создерді жактыртпаймын,
Мені колдап сыйлайтынга,сыйластыгымды жолдаймын.
Барінді бірдей сыйлаймын,аркімді боліп коймаймын.
Сонгы нуктемді койып,дал осы жерден токтаймын.

Кайырмасы:
Казакша рэппен багым жанды,
Бір шама тіндарман колдады.
Басында болган маган кедергі,
Біршамасы тындап біледі.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жаздың соңғы айы еді,қара түнек жамылған,
Біз білдікпе сол түннін,жүрекке түсер жарасын.
Таңатты Аралсыз,достарың отыр шарасыз,
"Арал кетті өмірден”-дегенге сенудеміз амалсыз.
Мылтық дауысы,құлағымда тұрғой жаңғырып,
Арал сенің кінәң барма,жүруші еңғой мәз болып.
Оқ басыңа тимесе,бәлкім тірі қалар мең,
Бұрыңғыша әзілдесіп,күлімсіреп жарқырап.
Әкең қалдау аңырап,өз арысын,
Қара жерге табыстап қолыменен.
Анаң қалдау айырылып бауыр еттен,
Жоқтаудың енді бітпесен зарыменен.
Әкеден бірге туған бауырларың,
Аған қалды інім деп еңіреумен,
Інілерің артында жылап қалды,
Құлатты деп бір үйдін бәйтерегін.

Қайырмасы:
Айырылмастай дос едік,бізде қалдық,
Айла бермей,ажалдын оғы деген.
Қош бол енді,досым-ау амал қанша,
Адамның басы алланың добы деген.

Жанды жаулап сағыныш сары белең,
Кеткеніңе сене алмай әлі келем.
Достарыңды кулдіріп әзілменен,
Отырушы ең ортаны мәз кылып сен. 
Бағыштап біздер калдық дұғамызды,
Тірілерді жалғайтын өлімменнен.
Жас жаның мекен еткей жұмақ бағын,
Деп тіледік алақан жайып бір Алладан.
Көп еді максатыңда арманында,
Күлімдеп журушедің ортамызда.
Жоқтайды әр кун сені достарыңда,
Жоқтайды бауырларын,туысында.
Өмір осы жылатар да,күлдіріп ,
Бұл дуниенің жалғандығын білдіріп.
Сұм ажалга тұрмайды ешкім араша,
Жиырма жасқа толар шақта әкетіп.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Мен айналдым елеске,
Білдімғо сені беске.
Жоғалдым көрмеске,
Мені сен іздеме.

Мен қалдым жалғыз өзім,бұрынғыша,
Сен жоқсын бұрынғыдай,менің қасымда.
Менің қасымда кәзір,отбасым және достарым,
Бірінші ұстаным,оларға деген сыйластығым.

Мен сені сыйлағаммын,бірақ қолды көтермедім,
Қанша жынданып кетсемде,қол ұшымды тигізбедім.
Әрине сені сүйдім,бірақта оны білмедін,
Достарыңнын айтқанымен,шыға алмай бірге жүргенің.

Кейде,басқа қызбен сөйлескенде,
Атыңды атап қаламын,байқаусызда отырғанда.
Сенің жүрегің менің тұла бойымды жаулағанба?
Керсінше сезімің мені жаралауға арналғанба?

Шынымды айтсам кәзір,сені көрсем танымаймын,
Сондықтан дос болғанымды сенімен қаламаймын.
Шын жүрекпен,көтіңді ашып осы әуенді арнайын,
Қош бол менің махаббатым,деп қолымды былғайын.

Қайырмасы:
Мен айналдым елеске,
Білдімғо сені беске.
Жоғалдым көрмеске,
Мені сен іздеме.

Сен менен құтылдын,менде сенен құтылдым,
Екеуміз дос емеспіз,ұмыт сол күннін бәрін.
Жайғана көз бояушылықпен есепте бәрінде,
Бірақ менімен жүргеніңе,хэх өкінбе!

Тәкапар сезіміңді,артыңа тығып қой,
Маған сен сияқты қыз,керек емес біліп қой.
Сенің енді қәжетің жоқ,тырнақ ұшына тұрмайсын,
Осыны сен біліп жүр,тындасаңда ұялмассың.

Сенің бетің бүлкітпейді,себебі арланбайсын,
Еш қыздық қасиетің жоқ,жалғасып кете берерсің.
Маған енді соқпайды,сенің қандай болғаның,
Артыңды ашып кетсеңде,мен мүлде арланбаймын.

Қысқасы осылай,сен туралы бәрін жаздым,
Ойыма не түсті,еш біреуін қалдырмадым.
Жұрегім менің,жыламайды енді,
Сонғы сөзімді айтайын,мені сен іздеме.

Қайырмасы:
Мен айналдым елеске,
Білдімғо сені беске.
Жоғалдым көрмеске,
Мені сен іздеме.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.