Әннің шыққан уақыты белгісіз

Материалдар санатында: 1034
Материалдар көрсетілді: 131-140
Беттер: « 1 2 ... 12 13 14 15 16 ... 103 104 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бірге өткенге тәтті ме
Арайланды ақ таңым
Басталады өзіңмен 
Шаттығы мол шақтарым

Қайырмасы:
Сенсіз өмір мұңды 
Сүйем басқа кімді
Аппағым-ау аппағым
Арман, арман, арман-ай
Қанатымның талғаны-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай

Айтып сырды жарысын 
Арнап әннің асылын
Жалт еткенде жанарың 
Көңіл-көлдей, тасыдым

Қайырмасы:
Сенсіз өмір мұңды 
Сүйем басқа кімді
Ғашығым-ау ғашығым
Арман, арман, арман-ай
Қанатымның талғаны-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай

Күйіп-жанып өртеніп 
Жүрек қылын шертемін
Сезім шіркін сел болып 
Қош айтысып ерте біз

Қайырмасы:
Сенсіз өмір мұңды 
Сүйем басқа кімді
Ерке қыз-ау ерке қыз
Арман, арман, арман-ай
Қанатымның талғаны-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
Жұлдызымсың менің жарығым
Атпаса екен таңдар-ай
    
Жалған, жалған, жалған-ай
Бүгін бәрі арман-ай
Еліктірген мені ерке қыз 
Елес болып қалғаны-ай
Ерке қыз-ау ерке қыз
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қайырмасы:
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Қайырмасы:
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Қайырмасы:
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Қайырмасы:
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көктемгі айым дейін сені
Көктемгі қайың дейін сені
Көзден ұшып жарықта жүрсең
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жумаққа кірсем

Қайырмасы:
Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел

Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным

Қайырмасы:
Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел

Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қол ұстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерге

Қайырмасы:
Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Кең даланың кер маралы, күн қызығар келбетіңе
Келші бермен - тгізбейін жел бетіңе
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Көк аспанның күмбезінде жаңа туған ай секілді
Ақ дидарың нұр таратсын жер бетіне
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Кер даланың кер маралы, жалт еткенде көз жанарың
Елжіретер жан-жүрегін бозбаланың
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Балбыраған балаусадай енші менің құшағыма
Деп жүрейін мәңгі-бақи өз қарағым
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.

Қайырмасы:
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.

Қайырмасы:
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.

Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып.

Қайырмасы:
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қызғанамын мен сені қызғанамын
Қызғанышпен үіне жүз барамын
Менімен де жүресін анаумен де
Махабаттың ажарын бұзба жаным

Қайырмасы:
Көл бетінде бір аққу жүзіп барады
Сол аққуға отырдым ұзақ қарап
Сыңарынан айырылған сол аққудай
Жар басында отырдым ұзақ жылап

Бара алмаймын жаныңа бара алмаймын
Барғаныммен бақытты бола алмаймын
Өлең айтып мен сені жылатпаймын
Сүйемін деп мен сені жұбатпаймын

Қайырмасы:
Көл бетінде бір аққу жүзіп барады
Сол аққуға отырдым ұзақ қарап
Сыңарынан айырылған сол аққудай
Жар басында отырдым ұзақ жылап

Көл бетінде бір аққу жүзіп барады
Сол аққуға отырдым ұзақ қарап
Сыңарынан айырылған сол аққудай
Жар басында отырдым ұзақ жылап
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Айлы түнің аясына
Мұңлы сезім таралды
Шалқар көлдің жағасында
Жаралы бір із қалды

Қайырмасы:
Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді
Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді
Күйге салып мұңын айтып табиғатына
Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді

Мұңға толы жүрегіммен
Жалғыздықты жырлайды
Үміт оты жалындаумен
Пәк сезімі қинайды

Қайырмасы:
Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді
Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді
Күйге салып мұңын айтып табиғатына
Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді

Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді
Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді
Күйге салып мұңын айтып табиғатына
Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бір көргеннен сүйіп қалдым өзінді
Жеңе алмадым саған деген сезімді
Күнінде бір-екі рет көре алмай қалсам
Ойлаймын мен ұйықтай алмай өзіңді
Талай күнді өткіздік бірге екеуміз
Айлы түнде екеуміз сыр шертеміз
Болашаққка қиялменен сапар шегін
Қол ұстасып арманға батып кетеміз

Қайырмасы:
Кейде саған қараймын кірпік қақпай
Ажарыңнан бір сызат бір мін таппай
Армандаймын сен мендік мәңгі болсын деп
Жүрсек деп көлде жүзген қос аққудай
Арман, жалған, о-о-о қос аққудай
Сені қимай о-о-о

Неге сонша сүйіп қалдым өзінді
Неге сонша айта алмаймын мен сырымды
Әрқашан ойымдасың жалғыз сен өзің
Жеңе алмадым саған деген мен сезімді
О, Алла бұлай неге жараттың сен
Алдыңда дәрменсізбін нәзік үнмен
Ғашықпын бірақ оған бата алмаймын
Сүйемін деп мен оған айта алмаймын

Қайырмасы:
Кейде саған қараймын кірпік қақпай
Ажарыңнан бір сызат бір мін таппай
Армандаймын сен мендік мәңгі болсын деп
Жүрсек деп көлде жүзген қос аққудай
Арман, жалған, о-о-о қос аққудай
Сені қимай о-о-о
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Махаббатым сен жұлдызым да сен
Көп іздедім өзіңді аңсап
Арманым да сен бақытым да сен
Ойымдасың сен менің бірақ
Махаббатым сен жұлдызым да сен
Қайталайық сол бір күнді
Өтіп кеткен айлы түнді
Жұлдызым жұлдызым

Қайырмасы:
Біздің өмір әлі алдымызда
Біздің бақыт болар қолымызда
Қайда болсаңда жаным келші маған
Жұлдызым болып

Махаббатым сен жұлдызым да сен
Қайтармадың сөзіме жауап
Өкінемін мен көрінгенде сен
Көнілімді алдың-ау баурап
Махаббатым сен жұлдызым да сен
Дүрлігеді жан жүрегім
Кездесу-ғой бар тілегім
Жұлдызым жұлдызым

Қайырмасы:
Біздің өмір әлі алдымызда
Біздің бақыт болар қолымызда
Қайда болсаңда жаным келші маған
Жұлдызым болып

Біздің өмір әлі алдымазда
Біздің бақыт болар қолымызда
Қайда болсаңда жаным келші маған
Жұлдызым болып

Біздің өмір әлі алдымызда
Біздің бақыт болар қолымызда
Қайда болсаңда жаным келші маған
Жұлдызым болып
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.