Әннің шыққан уақыты белгісіз

Материалдар санатында: 1034
Материалдар көрсетілді: 501-510
Беттер: « 1 2 ... 49 50 51 52 53 ... 103 104 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қызыл гүлдер қырмызы
Желге бетін бұрғандай
Бейне сұлу қыр қызы
Қолын бұлғап тұрғандай

Қайырмасы:
Хош иісті қызғалдақ
Арманысың талайдың
Өзім сүйген қызға арнап
Шашына гүл тағайын

Ғашықтардың үкімін
Жанарынан сездің бе?
Жүректердің лүпілін
Жеткізуші өзің бе?

Қайырмасы:
Хош иісті қызғалдақ
Арманысың талайдың
Өзім сүйген қызға арнап
Шашына гүл тағайын

Алғашқы адал махаббат
Белгісіндей қызыл гүл
Сені сүймеу - маған жат
Саған айтар сырым бұл

Қайырмасы:
Хош иісті қызғалдақ
Арманысың талайдың
Өзім сүйген қызға арнап
Шашына гүл тағайын
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам - болмайын, сол аман ба?
О, Тәңірім, неткен жан қайрылмайтын,
Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!

Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам - болмайын, сол аман ба?
О, Тәңірім, неткен жан қайрылмайтын,
Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сезімді шашып болып,
Өтермін мен, сірә да, бұл өмірден
Мәңгілік сол адамға ғашық болып.

Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сезімді шашып болып,
Өтермін мен, сірә да, бұл өмірден
Мәңгілік сол адамға ғашық болып.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Дариға, домбырамды берші маған,
Жаныма келші, жарым, келші, балам!
Бейуақ, іңірдегі көңіліме
Күй болып күңіреніп енші, далам.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.

Домбырам, досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған
Шапағың бар шаттығын құяр маған.

Өсірген өнерімді Қызыр бабам,
Үніңнен айналайын бұзылмаған!
Киелі пернеңе бір қол соқпасам,
Ішегің жетімсіреп ызыңдаған.

Ерке назым менің де, сазым менің,
Шыбынсыз, шуақ шашқан жазым ба едің?
Дариға, домбырамды берші маған,
Айналып ұшсын аққу-қазым менің!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Құс та болғым келмейді қанатым бар
Қанатым бар күмістен жаратылған

Қайырмасы:
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған

От та болғым келмейді жылуым бар
Жылуым бар, керек пе, жылынындар

Қайырмасы:
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда

Қанат қағып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да

Қайырмасы:
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бұлбұл бақты сүйгендей, ау, қыран көкті, ағажан,
Алатаудан Алтайға бір ән жетті-ау, ағажан.
Алматыға барғаным, ау, елес бүгін, ағажан,
Сол бір әнді келеді көп естігім, ағажан.

Қайырмасы:
А-а-ай!
Ән жүректі елжіретті,
Сезім көлін мөлдіретті.
Мен де арнадым өлеңімді -
Сәлемімді, ағажан,
Ақ маралды Алтай жақтан,
Шалғай жатқан, ағажан.

Көшкен елдің қызы едім, ау, Алтай асып, ағажан,
Өмір кештім тағдырмен тайталасып, ағажан.
Тілек болса көкейде, ау, айтпайсыз ба, ағажан,
Алтай жаққа бір келіп қайтпайсыз ба, ағажан?!

Қайырмасы:
А-а-ай!
Ән жүректі елжіретті,
Сезім көлін мөлдіретті.
Мен де арнадым өлеңімді -
Сәлемімді, ағажан,
Ақ маралды Алтай жақтан,
Шалғай жатқан, ағажан.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Кіндігімнің жас қаны
Тамған жерім ауылым
Шабытымның асқары
Самғаушы еді ауылым

Қайырмасы:
Жастығымның куәсі
Шұрқыраған ауылым
Жусаны мен жуасы
Бұрқыраған ауылым
Жусаны мен жуасы
Бұрқыраған ауылым

Биік-биік шың, құзға
Құмар қылған ауылым
Бүлдіршіндей бір қызға
Сыңар қылған ауылым

Қайырмасы:
Әнмен таңды атырып
Ән салдырған ауылым
Сары қымыз сапырып
Тамсандырған ауылым
Сары қымыз сапырып
Тамсандырған ауылым

Көк түтінді шұбатып
Желек созған ауылым
Ай көрмесем құмартып
Жүрек қозған ауылым

Қайырмасы:
Көк торғындай көктемде
Сағым қуған ауылым
Алыс сапар шеккенде
Сағындырған ауылым
Алыс сапар шеккенде
Сағындырған ауылым
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көк жүзінде барады қаздар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып

Қайырмасы:
Сағыныш қой
Сағыныш қой
Сарала жапырақтар
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып

Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп
Жанымызды бір кезде күлдіретін

Қайырмасы:
Жазғы бақта
Жазғы бақта
Саулайды жапырақтар
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп
Қара суық хабары тұр естіліп

Қайырмасы:
Қаздар ұшып
Қаздар ұшып
Барады оралмайтын
Қанатына
Көктемді ілестіріп
Қанатына
Көктемді ілестіріп
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса

Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе

Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа
Түлкіге құмай қосып қиқулатса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса

Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап бола ма?
Қыз таңдап ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қона ма?

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.

Білмеймін, диқан ба екен, малшы ма екен,
Әлде бір алма мойын әнші ме екен.
Тапқанша сол сұлуды, кең Арқаның
Аралап барлық жолын таусып өтем.

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.

Білмеймін, аққұба ма, қара ма екен,
Мейірім бір көргенде қана ма екен?
Ел кезіп, аудан қоймай жүргенімде,
Япыр-ай, қай ауылдан табар екем?

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Алматының бозғұлт тұман түнінде
Көп тұрып-ек жасыл терек түбінде
Сүйемін деп асылып ең мойныма
Қайда-қайда сол бір елес бұл күнде
Сүйемін деп асылып ең мойныма
Қайда-қайда сол бір елес бұл күнде

Айтшы қалқам, қайда-қайда сол уақыт
Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт
Маңдайыңды сүйеп сәулем төсіме
Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып
Маңдайыңды сүйеп сәулем төсіме
Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып

Айтшы жаным, қайда-қайда сол бір кез
Қайда таныс, қайда мөлдір қара көз
Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде
Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз
Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде
Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.