Әннің шыққан уақыты белгісіз

Материалдар санатында: 1034
Материалдар көрсетілді: 781-790
Беттер: « 1 2 ... 77 78 79 80 81 ... 103 104 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Теңселеді көк теңіз
Шарықтайды шағала
Асығады толқындар
Асығады жағаға

Өңкей асыл күмістер
Күн көзінде ойнайды
Жағадағы ару қыз
Әлде нені ойлайды

Жүрегінде арудың
Дауыл әлде бар ма екен?
Неге сәл-сәл мұңайып
Неге ойланып қалды екен?
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сапар шексем алсықа
Сен жанымнан қалмайсың
Қиындықта қалыспай
Қиялымды жалғайсың
Мол бақыттың жайын да
Сырласумен айта алдық
Қарағай мен қайыңдай
Қатар тұрып жайқалдық

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Күндіз күлген күнімсің
Түнде туған айымсың
Жайнап тұрған гүлімсің
Ойға шомған қайыңсың
Домбыраға тағылған
Егіз шектей жұптастық
Үміт алда жағылған
Келешекке нық бастық

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Көзің сенің мөлдір көл
Тымық күйде жолықтым
Шарасынан сол бір көл
Төгілер деп қорықтым
Жаз орнатқан жаныма
Сәулем - сұлу сезімсің
Жарық күнді силаған
Жанарым да өзіңсің

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Күн сайын іздеп
Үмітімді үзбей
Қарадым сенің жолыңа
Бұлбұл боп келіп
Мәңгілік сеніп
Қонасың қашан қолыма!

Арманды сүйген
Ақ көйлек киген
Өтеді алдан бір бейне

Бола ма жолым
Білмедім оны
Сүйе ме мені, сүймей ме

Самалға жібек
Балқиды жүрек
Көктемде құстар қайтқандай
Сәулешім сеніп
Жаныма келіп
Жақсы бір сөздер айтқандай

Қиялға балқып
Көңілім шалқып
Құс болып мен де ұшамын
Шақырып дала,
Кел! - дейді маған
Гүлдерге толып құшағы
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Білім ап саяңда өткердік сан жылдар
Өткердік сан жылды қызықтап ән жырды
Былқыдың гүл қала мәпелеп тербеткен
Қиялдың қанатын қияға серметкен

Қайырмасы:
Аттандық сапарға көңілде мол арман
Аттандық сапарға тосады жол алдан
Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы

Біз таптық білімге өміргежан арман
Қимастық көңілден жас келді жанарға
Қоштасар кез келді қиялдай барамыз
Достарым сіздерді қия алмай барамыз

Қайырмасы:
Аттандық сапарға көңілде мол арман
Аттандық сапарға тосады жол алдан
Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы

Аттандық сапарға көңілде мол арман
Аттандық сапарға тосады жол алдан
Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы

Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы
Біздерді тосады туған ел құшағы
Біздерді тосады туған ел құшағы
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сағындым сені, сағындым еркем
Қызғалдақ толы көктемде
Сағындым еркем, сазымен көркем
Қаңқылдап қаздар өткенде

Қайырмасы:
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып

Қайда сен жүрсің, аяулым еркем
Нұрлы жаз күліп жеткенде
Өзіңе арнап ән-күйді шертем
Сағыныш сазы көп менде

Қайырмасы:
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қазағым менің ұлы елім,
Ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!

Қайырмасы:
Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу бұл әнім.
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік ұланың.

Қайырмасы:
Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Сен маған жұмақ бағысың,
Бар әлем сені танысын!
Ант берем мәңгі қорқауға,
Алаштың арын, намысын!

Қайырмасы:
Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сары кемер сен деп кезем сағым ішін,
Әніме кеп құйылады сағынышым, шіркін!

Қайырмасы:
Ауладағы ағашпенен тете өскен төл едім.
Бірге ағып таласпенен барсын осы өлеңім.

Нөсерде де сені ойлаймын, жауған қарда,
Таласындай мөлдір болсам, арман бар ма, шіркін!

Қайырмасы:
Ауладағы ағашпенен тете өскен төл едім.
Бірге ағып таласпенен барсын осы өлеңім.

Пенде шіркін бала күнін сағынса – мұң,
Көз алдымда асыл анам, қалың сағым, шіркін!

Қайырмасы:
Ауладағы ағашпенен тете өскен төл едім.
Бірге ағып таласпенен барсын осы өлеңім.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Түн түрілді, күн күлімдеп,
Гүл көктеді, жұрт дүрілдеп.
Көк(і)регімді ашып тұрмын,
Ұлы қазақ ұлтымын деп!

Алтын құрсақ Алаш елім,
Көк бөрінің балас(ы) едің.
Ғаламзаттың ғажайыбы,
Адамзаттың дарас(ы) едің сен.

Қайырмасы:
Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
Жырдың жері, нұрдың елі, шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарытап ұш аспанымда сен!

Жырлап тұрмын сүйіне де.
Көңілімнің күйі неде?
Он-ақ жылда олжа салдың
Осынау кең дүниеге...

Қайта түлеп халық тағы,
Алдында – нұр, жарық бәрі.
Адамзаттың көшіне еріп,
Азаттықпен шарықтадың - Сен!

Қайырмасы:
Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
Жырдың жері, нұрдың елі, шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарытап ұш аспанымда сен!

Жасандырар жасыл жерді,
Бас имеймін жасынға енді,
Еркін ойлы егеменді,
Ерен туған нәсіл келді!

Жайнатты да нұр тағынды,
Қырқа белің гүл тағынды.
Ата-баба, әруағыңмен,
Жебе осы ұрпағыңды – Сен!

Қайырмасы:
Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
Жырдың жері, нұрдың елі, шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарытап ұш аспанымда сен!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Елес болды қанды қырғындар,
Көкіректе әлі бір мұң бар,
Көз алдыңда майдан даласы,
Жазылар ма оның жарасы?!

Қайырмасы:
Ардагерлер, саңлақ ерлер!
Төрімізге жайғасыңдар, қайдасыңдар, қайдасыңдар?!
Немереңді ертіп алып бірге,
Нәр бересің жаңа өскен гүлге,
Майдангерлер еске түсіп күнде жүрсіңдер, жүрсіңдер ме?!

Дүркіреп бір өтіп жасыны,
Замананың келді жасылы.
Қағамыз да қияға қанат,
Сілкінеміз сіздерге қарап!

Қайырмасы:
Ардагерлер, саңлақ ерлер!
Төрімізге жайғасыңдар, қайдасыңдар, қайдасыңдар?!
Немереңді ертіп алып бірге,
Нәр бересің жаңа өскен гүлге,
Майдангерлер еске түсіп күнде жүрсіңдер, жүрсіңдер ме?!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Балауса дәурен балалық шағым сағыныш екен
Бал бұлақ балғын қамықпай өткен тәттең-ау әттең
Асырсап ойнап жүгірген талай белеске қарай
Сағымдай болған алыста қалған сағынышым-ай

Арманға самғап келемін аңсап ауылдың әнін
Жүрегім жырлап тұлпардай тулап кеудемде жалын
Жайылып желкен келмеске кеткен өткен-ау бұл күн
Еркелеп жүрген жадырап күлген дүние шіркін дүние шіркін
Дүние шіркін дүние шіркін

Қайырмасы:
Оятар мені, оятар мені түсімнен талай
Өткелдеріне өткендері ме қарамай
Аялап мені, аялап мені алақанына
Шарықтап өткен балауса дәурен шіркін-ай

Оятар мені, оятар мені түсімнен талай
Өткелдеріне өткендері ме қарамай
Аялап мені, аялап мені алақанына
Шарықтап өткен балауса дәурен шіркін-ай

Оятар мені, оятар мені түсімнен талай
Өткелдеріне өткендері ме қарамай
Аялап мені, аялап мені алақанына
Шарықтап өткен балауса дәурен шіркін-ай
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.