Әннің шыққан уақыты белгісіз

Материалдар санатында: 1034
Материалдар көрсетілді: 901-910
Беттер: « 1 2 ... 89 90 91 92 93 ... 103 104 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңды-ай!

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға-жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе!
Туған жер, енді амал бол!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жанымның аңсары, асыл айым
Жүрегімнің өрті сен
Сағындым несіне жасырайын
Ғашықтықтың дерті сен

Шуақ төккен жаным өзіңнен көңілге
Нұр болып сәуле себілген
Бір өзің, бір өзіңді сүйдім өмірде

Сезімнің пәктігін сыйлаған ақ гүлім
Күн шуағым менің, шаттығым
Көңілді қуантқан, жанымды жұбатқан тәтті мұң

Сағыныш сезімі ыстық оттан
Сен деп соғар жүрегім
Айрылдым өзіңнен амал жоқтан
Бақытты бол тілерім

Ойлап сені жаным өртенер өзегім
Өзіңді, нұрлы көзіңді
Мәңгілік ән қылып өтердей сеземін
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Дауысы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.

Қайырмасы:
Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.

Бәсі қымбат-ай базарда алашаның,
Қызы сұлу болады Қарашаның, угай-ай.
Көре алмай сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады құдашаның, угай-ай.

Қайырмасы:
Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ойда жоқта қалқам-ау сен кездестің де
Жүректі салдың әуреге
Сені сүйп қалғанымба біле алмадым
Шомылдым шуақ сәулеге

Қайырмасы:
Аққудай аялап өтер едім
Жаныңа салмай қаяу мұң
Басқа бір жанның сен бағы екенсің
Амалым барма аяулым

Ай мүсінің кетпей қойды көз алдымнан
Қырдағы қызыл гүлдейсің
Қалқам-ау сен қайда болсаңда ұмытпа
Мені есіңе алып жүргейсің

Қайырмасы:
Аққудай аялап өтер едім
Жаныңа салмай қаяу мұң
Басқа бір жанның сен бағы екенсің
Амалым барма аяулым

Аққудай аялап өтер едім
Жаныңа салмай қаяу мұң
Басқа бір жанның сен бағы екенсің
Амалым барма аяулым

Аққудай аялап өтер едім
Жаныңа салмай қаяу мұң
Басқа бір жанның сен бағы екенсің
Амалым барма аяулым
Амалым барма аяулым
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы
Жағасында жайқалған жапырағы

Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
Ата анамды сағынып әнге салдым
Бауырымның хабарын алмағалы

Ақ қағазға хат жаздым қалам алып
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып

Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
Ата анамды сағынып әнге салдым
Бауырымның хабарын алмағалы

Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай
Шалға кетіп қор болдым есім танып

Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
Ата анамды сағынып әнге салдым
Бауырымның хабарын алмағалы
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Өлеңім ағайынды, абысынды,
Қамшымның сазға тастап, сабы сынды.
Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,
Қартайып енді менің сағым сынды.

Қайырмасы:
Ой, ідігай,
Әттең қалқа қайтейін,
Күнім ай-ай.

Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Кісіні жақсы көрген шіркін деймін.
Алдында көпшіліктің ән салғанда,
Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.

Қайырмасы:
Ой, ідігай,
Әттең қалқа қайтейін,
Күнім ай-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жаз болса жарқырыған көлдің беті
Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі

Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар
Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар
Есіме ақ еркемді алған кезде
Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Шахарда Шалқар деген ұлтымыз бар
Осында ер жігіттер, өңки қыздар
Көлі бар құралай көз мөлдіреген
Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз

Өшпеген осы құмда жатыр белгі
Комиссар ел қадірі өткен ізді
Жолаушы жолың болсын деп тілейміз
Сімірмей Шалқар суын құр кетпеңіз

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз

Шалқардың құм деп жерін құмсынбаңыз
Құмы-құм суы лайлы осынады аңыз
Еңбекпен бағы жанған шамы жанған
Батырлар бақыттылар осындамыз

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз

Шұбат бар шұбатылған елімізде
Батырлар әншіменен сері бізде
Қашатын жекжаттықтан біздер емес
Құда боп күйеу болып келіңіздер

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Келемін сен деп алыстан аңсап
Тұршы күлімдеп жолыма қарап
Жолдың азабын тарттым мен талай
Сүйген жарыма жетем мен қалай

Қайырмасы:
Жүрегім менің дүрсіл дейді
Алға тартқан мотордай
А-а-ай
Е-е-ей
Жұлдыз қандай, ай қандай
Шофер сүйген қыз қандай
Жұлдыз қандай, ай қандай
Шофер сүйген қыз қандай

Әуеде ұшқан бір топ тырналар
Қанатты қағып табыт қағындар
Қаратып соны жерде мен тұрмын
Сүйген жарыма сәлем айта бар

Қайырмасы:
Жүрегім менің дүрсіл дейді
Алға тартқан мотордай
А-а-ай
Е-е-ей
Жұлдыз қандай, ай қандай
Шофер сүйген қыз қандай
Жұлдыз қандай, ай қандай
Шофер сүйген қыз қандай

Шаңдатып жолмен ұшып келемін
Қиялдап сені құшып келемін
От болып жанып күймесін десең
Басына жаным шықшы төбенің

Қайырмасы:
Жүрегім менің дүрсіл дейді
Алға тартқан мотордай
А-а-ай
Е-е-ей
Жұлдыз қандай, ай қандай
Шофер сүйген қыз қандай
Жұлдыз қандай, ай қандай
Шофер сүйген қыз қандай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бір жігіт үйленді жақында
Білмейді жарының атыңда,
Достары үйіне әкеліп берген соң
Ие болып қалған ғой жас қызға

Жас сұлу отырмай жылайды
Бұрын ол көрмеген мұндайды
Әр кімге жәүтеңдеп, жеңгейге жалынып
Басына бостандық сұрайды

Жеңгесі орнынан тұрады
Жас сұлу алдына құлайды
Ызага бұланып жеңгейге жалынып
«Махаббат қайда» деп сұрайды

Махаббат дегенің қолдағы
Деп жеңгей қайнысың қолдады
Бахытты болсаңдар егерде екеуің
Шынайы махаббат солдағы

Сол жерде бір кемпір тұр еді
Бұл кемпір бұлай деп сөйледі
Жас кезде махаббат дегенді білмеппіз
Деп кемпір сол жерде күледі

Сол кезде сыртқы есік ашылды
Ішке бір жас жігіт атылды
Шыдалмай жас сұлу
Жігіттің мойнына орала-орала асылды

Бұл жігіт сұлудың сүйгені
Бұларды барша жұрт біледі
Бахытты жандарға хиянат жасауға
Қалайша барды екен жүрегі
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.