Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Материалдар санатында: 1138
Материалдар көрсетілді: 1001-1010
Беттер: « 1 2 ... 99 100 101 102 103 ... 113 114 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз
Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған

Қайырмасы:
Әй, айым-күнім-ай
Айхай, жаздың күні майдай-ай!

Бөленген жердің жүзі жасыл жібек
Күлімдеп күнге қарап қылған тілек
Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,
Жан сәулем тас болды ма сіздің жүрек

Қайырмасы:
Әй, айым-күнім-ай
Айхай, жаздың күні майдай-ай!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бұл жастық бастан бір-бір өтер деймін,
Бал менен тәтті нәрсе шекер деймін.
Көргенде ұлы тойда сергексініп,
Ұзақшыл аттай жүйрік тепеңдеймін.

Жастық шақ өте шығар басымыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан.
Он бес пен жиырманың арасында,
Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Басың биік Алатау қары кетпес,
Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп жалған барады қапыда-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Басың биік Алатау қары кетпес,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай,
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсің беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Құдаша, құрамын тор жолыңызға,
Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.
Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,
Қонбасын құладан құс сорымызға.

Қайырмасы:
Ақ сұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақбөбек, кеткенің бе серттен тайып,
Адамды кім айырар ерлі-зайып.
Бірге өскен кішкентайдан Бөбек едің,
Көңілім сенің үшін болды ғайып.

Қараймын жабығыңнан қаздай бойлап,
Ақбөбек, отырмысың ақыл ойлап.
Бірге өскен кішкентайдан Бөбек едің,
Қызығын көре алмадым бір күн ойнап.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.

Қайырмасы:
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел

Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.

Қайырмасы:
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел

Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.

Қайырмасы:
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел

Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.

Қайырмасы:
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ойлап тұрсам, дүние шолақ екен-ай!
Бір-біріне, беу, адамдар қонақ екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние-ай жалған-ай!

Қырмызыдай құлпырған қайран жастық-ай!
Қара жерге қар жаумай-ақ солады екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние жалған-ай!

Қудым сені-ай, дүние, жалықпай-ақ-ау
Ұстатпадың-ай судағы балықтай-ақ-ай!
Арман-ай, өтеді-ай дүние-ай жалған-ай!

Кейде оңыңды көрсетіп, кейде солыңды-ай
Танытпай-ақ-ау қойды-ау дидарыңды-ай!
Арман-ай, өтеді-ай, дүние-ай, жалған-ай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,
Сөзі бар алуа, шекер, балдан тәтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен,
Айтайын өлең қылып перизатты...

Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Ойымнан жатсам-тұрсам еш кетпейсің,
Басымды не сиқырмен әуреледің?!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ей, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген,
Артыңда мен ақ тұйғын жетем деген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айрылып сенен, сәулем, кетем деген.

Ей, Ардақ, сен ақ қоян шыңнан қашқан,
Артыңда мен ақ сұңқар түлеп ұшқан.
Қан қылмай ақ жүніңнен бір ілгізші,
Тамаша қарап тұрсын дос пен дұшпан.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.

Қайырмасы:
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей бозбала,
Сал осылай.

Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсаң ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.

Қайырмасы:
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей бозбала,
Сал осылай.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.