Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Материалдар санатында: 1138
Материалдар көрсетілді: 1011-1020
Беттер: « 1 2 ... 100 101 102 103 104 ... 113 114 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қараойда ма ауылың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.

Қайырмасы:
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.

Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк.
Шынты көңілің, шын пейлің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.

Қайырмасы:
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бұл жастық бастан бір-бір өтер деймін,
Бал менен тәтті нәрсе шекер деймін.
Көргенде ұлы тойда сергексініп,
Ұзақшыл аттай жүйрік тепеңдеймін.

Жастық шақ өте шығар басымыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан.
Он бес пен жиырманың арасында,
Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Басың биік Алатау қары кетпес,
Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп жалған барады қапыда-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Басың биік Алатау қары кетпес,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай,
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, бей қарағым,
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсің беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Құдаша, құрамын тор жолыңызға,
Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.
Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,
Қонбасын құладан құс сорымызға.

Қайырмасы:
Ақ сұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақбөбек, кеткенің бе серттен тайып,
Адамды кім айырар ерлі-зайып.
Бірге өскен кішкентайдан Бөбек едің,
Көңілім сенің үшін болды ғайып.

Қараймын жабығыңнан қаздай бойлап,
Ақбөбек, отырмысың ақыл ойлап.
Бірге өскен кішкентайдан Бөбек едің,
Қызығын көре алмадым бір күн ойнап.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ортамызда Төлеген көрсең зорға ахоу
Сүріндірмей бозжорға қазған орға
Әгугай, әгугай

Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді ахоу
Орамалды тұрады бес жүз жорға
Әгугай, әгугай

Қайырмасы:
А-а-а-а-ай
Айың тусын оңыңнан
Жұлдызың тусын соныңнан
Хабарсыз кетсең тым ұзақ
Сансызбай шығар соңыңнан
Қыз Жібек енді келгенше
Келін боп үйге еңгенше
Даяр етіп қояйық
Салдырып сарай өзгеше

Арамызда Төлеген көп жыл өтті-ау ахоу
Нелер келіп болмасқа, нелер өтті
Әгугай, әгугай

Арада өткен сегіз жыл сергелдеңге ахоу
Хабар айтып жіберсең нең кетеді
Әгугай, әгугай

Қайырмасы:
А-а-а-а-ай
Айың тусын оңыңнан
Жұлдызың тусын соныңнан
Хабарсыз кетсең тым ұзақ
Сансызбай шығар соңыңнан
Қыз Жібек енді келгенше
Келін боп үйге еңгенше
Даяр етіп қояйық
Салдырып сарай өзгеше

Айың тусын оңыңнан
Жұлдызың тусын соныңнан
Хабарсыз кетсең тым ұзақ
Сансызбай шығар соңыңнан
Қыз Жібек енді келгенше
Келін боп үйге еңгенше
Даяр етіп қояйық
Салдырып сарай өзгеше

Айың тусын оңыңнан
Жұлдызың тусын соныңнан
Хабарсыз кетсең тым ұзақ
Сансызбай шығар соңыңнан
Қыз Жібек енді келгенше
Келін боп үйге еңгенше
Даяр етіп қояйық
Салдырып сарай өзгеше
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қамысы әупілдектің мүше-мүше
Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк
Қос қанат құсқа біткен маған бітсе
Бармас пе ем сәулетайға әлденеше, әпитөк

Қайырмасы:
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
Туған екен сол перизат асыл тек

Басында әупілдектің мұнары бар
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк
Құрбылар бұл қалай деп сөге көрме
Ғашықтың тарқалмаған құмары бар, әпитөк

Қайырмасы:
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
Туған екен сол перизат асыл тек

Басынан әупілдектің мұнар кетпес
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк
Кебістің жалаң аяқ басын киіп
Ей қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк

Қайырмасы:
Сөйлесуге тіл-хат жоқ
Өздеріңдей бір зат жоқ
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан
Туған екен сол перизат асыл тек
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақ көйлек, қызыл бешпет әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.

Ақ көйлек, қара камзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, артық туған.
Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын,
Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.

Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ауылым көшіп барады Алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.

Қайырмасы:
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!

Туған жердің сағынып топырағын,
Көз алдыма келеді сол тұрағым.
Ата-анамды аяулы аңсағанда,
Ақ бөпемді аялап отырамын.

Қайырмасы:
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.