Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Материалдар санатында: 1138
Материалдар көрсетілді: 251-260
Беттер: « 1 2 ... 24 25 26 27 28 ... 113 114 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
О, тағдырым, өзіңнен тілегім не,
Жылылық бер, шуақ құй жүрегіме.
Тұманыңа түсірме адастырып,
Кезіктірме қараңғы түнегіңе.

Жүзім жарқын болсыншы туған жерде,
Мен шыдаймын жүрсем де бөтен елде.
О, тағдырым, тілегім жалғыз ғана –
Отаныма қадірсіз қыла көрме.

Мейлің тағдыр маған тау артасың ба,
Көтеремін достарым арқасында.
Бұл тірлікте жарқылдап жүрсем болды
Жаным сүйген достардың ортасында.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Айналайын ақ балам,
Бұғанасы қатпаған.
Ботадайсың үкілі
Босамаған ноқтадан.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!

Тұсауыңды кескен күн,
Құтты болғай дескен күн.
Ата-ананың көңілі
Көкке жете өскен күн.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!

Құлыншақтай құлдыра,
Қоңыраудай сылдыра.
Тауға қарай жүгірсең,
Жеткізбей кет құрбыңа.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!

Айналайын алтыным,
Шымыр болсын балтырың.
Жел ескендей алдыңнан
Күшті болсын қарқының.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Таудың гүлі қол бұлғайды алыстан,
Маған сәлем жеткізгендей ғарыштан.
Сол бір сәтті, сол бір сәтті, сәулешім,
Түседі еске алғашқы күн танысқан.

Қайырмасы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім - өзіңнің,
Есендігің, саулығың.

Таудың гүлі сонда маған сыр айтқан,
Таудың түні тұнжыратқан, мұңайтқан.
Таудың селі сырғып аққан сәтінде,
Таудың желі көңілімді жұбатқан.

Қайырмасы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім - өзіңнің,
Есендігің, саулығың.

Таудың гүлі суықтарға тоңбаған,
Таудың гүлі бал бұлаққа қанбаған.
Қол жетпейтін, көз жетпейтін қияда,
Таудың гүлі желбіреу бір мәңгі аман.

Қайырмасы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім - өзіңнің,
Есендігің, саулығың.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бал-бұл жанып жүздеріміз
Жан емеспе ек біздер егіз
Жастық шақтың еншісінде
Жатыр сайрап іздеріміз

Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа жас іркіді жанарыма
Тағдыр бізді жақындатпай
Алыстатып барады ма
Үміттің шын солғаны ма
Шашқа қырау қонғаны ма
Кездеспей-ақ кетеміз бе
Өмір атты жолда мына

Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа жас іркіді жанарыма
Тағдыр бізді жақындатпай
Алыстатып барады ма
Жауабы жоқ сұрақтың да
Қалам жиі тұнып мұңға
Мүмкін емес ойламауын
Шынымен-ақ ұмыттың ба

Күндер қайда алып ұшпа
Жүрсің күнім сен қай тұста
Сезімдерім тамшы болып 
Айналғандай сағынышқа

Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа жас іркіді жанарыма
Тағдыр бізді жақындатпай
Алыстатып барады ма
Жауабы жоқ сұрақтың да 
Қалам жиі тұнып мұңға
Мүмкін емес ойламауын
Шынымен-ақ ұмыттың ба
Жауабы жоқ сұрақтың да 
Қалам жиі тұнып мұңға
Мүмкін емес ойламауын
Шынымен-ақ ұмыттың ба
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ұнатып ем жалғыз сені
Мөлдір қара көзіңді
Ұнатып ем жанға бермес
Сұлу нәзік сезімді

Қайырмасы:
Ару қандай болар едік
Арманымдай аңсған
Аққу қандай болар едік
Арманым, арманым
Айтқан сөзің оқ сияқты
Жүрекке түскен шоқ сияқты
Бірақ маған сенсіз өмір жоқ сияқты

Кеттің қайда тастап мені
Іздедім-ғой мен сені
Айтшы жаным, жазшы маған
Сүйемін деп мен сені

Қайырмасы:
Ару қандай болар едік
Арманымдай аңсған
Аққу қандай болар едік
Арманым, арманым
Айтқан сөзің оқ сияқты
Жүрекке түскен шоқ сияқты
Бірақ маған сенсіз өмір жоқ сияқты

Ару қандай болар едік
Арманымдай аңсған
Аққу қандай болар едік
Арманым, арманым
Айтқан сөзің оқ сияқты
Жүрекке түскен шоқ сияқты
Бірақ маған сенсіз өмір жоқ сияқты
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қолымда қос қолың, 
Көзімде тек сенің қос көзің 
Бір қадам атта 
Сұлулығыңды құшағыма жасырып 
Бар әлеммен тыныштыққа тебірен. 
Жер бетінен алыстағым келеді. 

Қайырмасы:
Әрбір әсем сәттерді 
Әрбір ұмтылмас елесті 
Жүрек түбінде мәңгі 
Мәңгі сақтауға мүмкін бе? 
Тағы да бір рет келе 
Тағы да бір рет күлімде 
Тебіренсін сезім жүрек түбінде 
Тағы да бір рет. 

Жалғыз тұр сол сәтті 
Көзіңді алмай сиқырлы мені 
Тоқтасын уақыт, оу-е 
Сенің жалғыз жанарыңнан 
Бар әлем бақытқа толы 
Бар өмірім тек өзіңмен 
Сансыз әсем елеске толы. 

Қайырмасы:
Әрбір әсем сәттерді 
Әрбір ұмтылмас елесті 
Жүрек түбінде мәңгі 
Мәңгі сақтауға мүмкін бе? 
Тағы да бірге келе 
Тағы да бір рет күлімдеп 
Тебіренсін сезім жүрек түбінде 
Тағы да бір рет.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Анамдай, мәпелеп,
Өмір көшінде.
Бауладың жетелеп,
Бәрі есімде.

Қайырмасы:
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.

Қуандық баладай,
Көріп жемісін.
Өрлесем мен самғай,
Сенің жеңісің.

Қайырмасы:
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.

Дарыған бойыңа,
Ұлы адалдық.
Болсыншы тойына,
Әнім базарлық.

Қайырмасы:
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Өткіздім қилы өмірдің бәрін бастан,
Елім де, жерім де көп бауыр басқан.
Дариға-ай, туған жерді ойлағанда,
Жас шығар жастық болған қара тастан.

Қайырмасы:
Түсесің еске,
Түсесің еске,
Ерте ме, кеш пе,
Жейдемді желмен жуған жер.
Ерте ме, кеш пе,
Жетемін саған, туған жер.

Сағындым. Сағындым-ау, қайран елім,
Қанатын кең дүнияға жайған елім.
Өмірге қайта келіп, қайтып барсам,
Бағыңда бұлбұлың боп сайрар едім.

Қайырмасы:
Түсесің еске,
Түсесің еске,
Ерте ме, кеш пе,
Жейдемді желмен жуған жер.
Ерте ме, кеш пе,
Жетемін саған, туған жер.

Бір уыс қалтамда жүр топырағың,
Армысың, аманбысың, Отырарым?
Кетпейді көкейімнен бала күнгі,
Көктемде гүл жамылған атырабың.

Қайырмасы:
Түсесің еске,
Түсесің еске,
Ерте ме, кеш пе,
Жейдемді желмен жуған жер.
Ерте ме, кеш пе,
Жетемін саған, туған жер.

Өкінбен өткен өмір бұрқағына,
Сенемін тағдырымның нұр таңына.
Жұлдыздай сәуле шашқан ғарыштағы,
Сенемін келер күнге, ұрпағыма.

Қайырмасы:
Түсесің еске,
Түсесің еске,
Ерте ме, кеш пе,
Жейдемді желмен жуған жер.
Ерте ме, кеш пе,
Жетемін саған, туған жер.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Мазалайды жүрегімді
Тамылжыған түн
Сағынышты көңілім
Аңсайды өзіңді

Қайырмасы:
Қайдасың асылым
Махаббатым ерке көктемім
Қайдасың ақ арманым
Жүрегімде жылы

Дидарыңды бір көруге
Асығамын мен
Мезгіл өтті жаз өтті
Қайдасың арманым

Қайырмасы:
Қайдасың асылым
Махаббатым ерке көктемім
Қайдасың ақ арманым
Жүрегімде жылы

Бақытыма жетелеген
Іздейтінім сен
Салған әнім үмітім
Келші сен аққусым

Келші сен ардағым
Сағынышым өзің күткенім
Өзіңе ән арнадым
Шапағатым жылы

Қайырмасы:
Қайдасың асылым
Махаббатым ерке көктемім
Қайдасың ақ арманым
Жүрегімде жылы
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.