Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Материалдар санатында: 1138
Материалдар көрсетілді: 41-50
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 113 114 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жүрегім мұздап өртеніп жаным,
Кім білген махаббаттың от боларын.
Көзімде жұмбақ, келбетің сағым,
Неліктен көзіңді алмай көп қарадың?
Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Қиылса көзім, таусылды сөзім,
Жанымды баурап алды тәтті сезім.
Махаббат жалын сыйлады таңым,
Армандап сол түндерге асығамын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сен, айым болып тұдың,
Аппақ қайын болып тұрдың,
Көбелегім гүлді сүйген,
Дегелегім кімді сүйген,
Сен, іңкәрім, кімді сүйген,
Айтшы Сен кімді сүйген.

Сен баурап алдың танды,
Мүлдем жаулап алдың жанды.
Көбелегім гүлді сүйген,
Дегелегім кімді сүйген,
Сен, іңкәрім, кімді сүйген,
Айтшы Сен кімді сүйген.

Сенсін менің бірегімде,
Сенсін менің білегімде,
Сенсін менің жүрегімде,
Бақытым бұл өмірде.

Мен қолыңдамын Жаным,
Мәңгі қолыңдамын Жаным.

Көбелегім гүлді сүйген,
Дегелегім кімді сүйген,
Сен, іңкәрім, кімді сүйген,
Айтшы Сен кімді сүйген.

Көбелегім гүлді сүйген,
Дегелегім кімді сүйген,
Сен, іңкәрім, кімді сүйген,
Айтшы Сен кімді сүйген.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қарындасым, сенің қара көзіңе
Кездестім-ау қртаң тартқан кезімде
"Аға" дейсің, сол бір сөзің, шоқ болып
Өрт салады құлазыған сезімге

Жасым үлкен, жаным саған құрдаспын
Сен де жас боп өмір-бақи тұрмассың
Қырмасақал қырық асқан кезімде
Бақыт іздеп бір өзіңмен сырластым

Сен от болсаң, мен болайын көбелек
Махаббатсыз маған өмір не керек!
Қырық жастың қызуына өртенсем
Су тамызшы қанатыңмен себелеп
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қалқам-ай, кеше ғана бала емес пе ең
Қос өрім бұрымыңды тарап өскен
Асылып аға алдында еркелеген
Базарлы бал қылығың қала ма естен?

Қайырмасы:
Қуанып, қараймын
Қалқашым, арайлым
Қол жетпес күні бол
Қол жетпес күні бол талайдың

Көркіңе бүгін, міне, жұрт телміріп
Қарайлай қарай қапты көп-көп жігіт
Жарқ еткен жанарыңнан жалын көрдім
Сол от қой шарпып жеткен, өртендіріп

Қайырмасы:
Қуанып, қараймын
Қалқашым, арайлым
Қол жетпес күні бол
Қол жетпес күні бол талайдың

Осылай тік қараған жақсы, жаным
Қарай бер, жанарыңнан атсын жалын
"Мықтылар" жалыныңа төзіп көрсін
"Нашарлар" әлін біліп, бақсын жанын

Қайырмасы:
Қуанып, қараймын
Қалқашым, арайлым
Қол жетпес күні бол
Қол жетпес күні бол талайдың
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Әнім боп жас күннен кеудемде жаңғырдың
Хат жаздым қаншама жауапсыз қалдырдың
Сонан соң еркіне бой бұрмай тағдырдың
Өзіңмен мәңгіге кеттім мен жан құрбым

Мөп-мөлдір моншағын көрсетпей жанардың
Кеттім мен қайрылмай, өрлігім болар бұл
Жүрсем де қол созып арайлы мұратқа
Жүректен нұр бейнең өшпеді бірақ та

Жолықтың бүгін сен күлімдеп жайдары
Көңлімнің төрінен найзағай ойнады
Өткен күн қайтадан өрнегін салмайды
Қоштастық екеуміз, қоштаспай болмайды

Алматы қаласы - жастықтың қаласы
Екеуміз қыдырған көшеге қарашы
Ақ терек асқақтап тұр анау еңселі
Сол жерден өткенде еске алам мен сені
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме
Жағалай малдас құрған?

Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым

Анаға ақ пейілді
Иілсе, келін балаң
Ықылас ізет еткен
Сыйластық елін табам

Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым

Дәм татар талай ғасыр
Ұрпақтар абайласын
Кірлетпей таза ұстасын
Халықтың шар айнасын

Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көз жазып қалдым мен сенен
Сыздатып жүрек жарасын
Аққудай аппақ еркем ең
Алыстап кетіп барасың

Қайырмасы:
Қайда жүрсің, қай жақта
Айырылыстық бекер біз
Қайта келіп гүлге оранған аймаққа
Тым болмаса қоштасайық екеуміз

Қамалып қалдым зар-мұңға
Айырылып сене бір демде
Сағымдай ғайып болдың ба
Өзгеге қимай жүргенде

Қайырмасы:
Қайда жүрсің, қай жақта
Айырылыстық бекер біз
Қайта келіп гүлге оранған аймаққа
Тым болмаса қоштасайық екеуміз

Кетсе де ұзап арамыз
Шығарма бәрін есіңнен
Қоштасып неге барамыз
Адасып бақыт-көшеден

Қайырмасы:
Қайда жүрсің, қай жақта
Айырылыстық бекер біз
Қайта келіп гүлге оранған аймаққа
Тым болмаса қоштасайық екеуміз
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сағынышты жүрегімнің назындай,
Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай,
Сырлы әсем Сырдария сазындай,
Аңыраған аққулардың мұңындай,
Анасынан айрылған құлындайғ
Алатаудың аппақ ойлы шыңындай,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!

Жеті өзенді Жетісудай салалы,
Сарыарқаның самалындай самалы,
Дүрілдетіп тебіренткен даланы,
Бабамыздың күніренген зарындай,
Жайығымның жайлап аққан жанындай,
Даламыздың қайнап аққан қанындай,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!

Сексеуілдей қатып-семген сенімдей,
Бедірейген Бетпақдала шөліндей,
Бала жанар Балқашымның көліндей,
Қонағымдай келіп қалған күтінбей,
Жүректерден жаратылған бүтіндей,
Анамыздың уыз дәмді сүтіндей,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!

Сай-сүйекті сырқыратқан төзімдей,
Қайта оралмас махаббаттың көзіндей,
Қайталанбас қимас асыл сезімдей,
Толқытады теңіз, мұхит тасқандай,
Алдымыздан арман – елік қашқандай,
Құпиясы шексіз-тылсым аспандай,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!

Қатты мұңы – көктен түскен жасындай
Сырлы мұңы – таудың тілсіз тасындай,
Ащы мұңы – көздің кермек жасындай,
Қасіретті қос ішектен құйылған,
Күмбірлесе күллі дүние ұйыған,
Тәңіріме сыйынғандай сыйынам,
Қазағымның,
Қазағымның күйлері-ай!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қара бұлт төніп, қара жер
Қанталап күйіп жатқанда.
Қаңтардай қысып, қайғы шер
Қайысып елге батқанда.

Қайырмасы:
Бірге болған жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Айналып өзен, тас жырға,
Аңыз боп кеткен бір шақта.
Ақ құйын оқтың астында,
Ажалға белді бусақ та.

Қайырмасы:
Қалт етпеген жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Тар окоп болған баспана,
Таңып ап бірге жараны.
Құладық жауды жастана,
Жарқ етіп өмір қарады.

Қайырмасы:
Қайта туған, жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Қайтпаған елге қырандар – 
Мәңгілік солмас гүлсіңдер!
Біріңнен бірің сұраңдар,
Барларың қайда жүрсіңдер?

Қайырмасы:
Бер кездегі жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сағынып жүрек,
Сүйгенін тілеп,
Болмай ләззат еш емі.
Сарғайып гүлдей,
Жадырап күлмей,
Күткен ем, сәулем, мен сені.

Келдің аман,
От болып жанам,
Құшағыңда, сүйген дос.
Күлемін күндей,
Жайнаймын гүлдей,
Қуанамын, қалқам, көңіл хош!

Шаттықпен көңіл,
Масайрап өмір,
Мәңгі талмай жас жаным.
Қол ұстасып,
Судай тасып,
Еңбек етіп, жарқырасып,
Өтсе өмір осылай арман жоқ!
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.