Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Материалдар санатында: 1138
Материалдар көрсетілді: 811-820
Беттер: « 1 2 ... 80 81 82 83 84 ... 113 114 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,
Мама кеп бір иіскеші маңдайымды.
Ақ уызға толмаған таңдайымды
Толтырайын айтумен жағдайымды.
Мама, енді сені табу қиындайды.
Ойласам, көзден жасым тыйылмайды.
Алатауым — жұпарым арман болып,
Туған жерім, топырағың бұйырмайды.
Мама!
Түскендеймін аңдардың арасына,
Мен жат па едім қазақтың баласына?!
Мама!
Пайғамбар жоқ алатын панасына,
Мені осынша азапқа саласың ба?
Мама!
Әнұраным, Туымды биіктеттің,
Сен мені жатқа саттың, күйікті еттің.
Мама, сен мені таппай қаласың ғой,
Келеді бір иіскеп, сүйіп кеткім,
Мама!
Жүректерден иманның нәрі кетті,
Не көрмеген қазағым, бәрің де өтті.
Тағдырымды Аллаға тапсырамын,
Алла мәңгі және де әділетті!
Мама!
Түскендеймін аңдардың арасына,
Мен жат па едім қазақтың баласына?!
Мама!
Пайғамбар жоқ алатын панасына,
Мені осынша азапқа саласың ба?
Мама!
Түскендеймін аңдардың арасына,
Мен жат па едім қазақтың баласына?!
Мама!
Пайғамбар жоқ алатын панасына,
Мені осынша азапқа саласың ба?
Мама!
Онсыз да биік-биік үйлеріңді,
Бала сатып тағы да биіктеткін.
Мама, сен мені таппай қаласың ғой,
Келеді бір иіскеп, сүйіп кеткім.
Мама!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Айналайын, қарағым, қара қасың,
Қос иықта бұралған қолаң шашың,
Айқаракөз, жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім?
Жөнің бөлек, Айқаракөз, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім?

Алтын қайық жарасар күймесімен
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен
Айқаракөз, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім?
Жөнің бөлек, Ай-Бұлбұлым, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім? 

Күндіз ойдан кетпейсі, түнде түстен
Тал бойыңда бір мін жоқ, 
Жөнің бөлек, Ай-Бұлбұлым, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім? 
Жөнің бөлек, Айқаракөз, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім?
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Кездессем ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын 
Сен үшін менде бар бір тілек.

Сені артық көремін басқадан
Сүйем деп айтуға жасқанам.
Жеткізе алар ма жүректің
Жан сырын жасырын жас қалам.

Есімде алғашқы сауық кеш
Ләззаттің тағдырын өзің шеш.
Ләйліден айырылған Мәжнүндей
Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.

Әлде бір бар шығар сүйгенің
Тәкаппар менсінбей жүргенің.
Оны зор мені құр санасаң
Мейірімсіз соққаны жүректің.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын,
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Ете гөр қанағат
Әзірге берерім
Балалық махаббат,
Балалық жүрегім,
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған,
Әнімді қосып ал.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көк кілем менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күз.
Жаз келер және жап-жасыл
Жақсылық тағы тілерміз,
Жадырап өмір сүрерміз
Қош енді, қош бол, күрең күз.

Қайырмасы:
Қош енді, қош бол, күрең күз,
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем, түнердім
Білермін, қалай білермін?

Жыртылып жатыр күрең жер
Күрең жер – тозған кілемдер
Күрең тау, анау күрең бел
Күрең бел жиған кілемдер
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.

Қайырмасы:
Қош енді, қош бол, күрең күз,
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем, түнердім
Білермін, қалай білермін?

Қош енді, қош бол, күрең күз
Ақ қысты тездеп жібергіз
Ақ қыстай аппақ бір елміз, 
Ширығып, біраз, жүрерміз
Шынығып өмір сүрерміз
Қош енді, қош бол, күрең күз.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Бүгін сенің туған күнің,
Балапаным дәулетім,
Өмір гүлім сені бүгін
Құттықтайды әулетің,
Азамат бол асқақтатар
Азат елдін сәулетін
Намысты бол табысты бол
Жемістін шаш сәулесін

Үнімен онын жыр еткен
Ашылды да арайланып әлем есігі
Сезімбей туған жүректен
Тербетілді алтын айдар ұлдын бесігі
Қазақпыз ұлым батырдер
Сүйіншісін жас сәбиге арнап жатыр ел
Қабыл боп елдін батасы
Батыр бол деп атын қойды онын атасы

Қайырмасы:
Бүгін сенің туған күнің,
Балапаным дәулетім,
Өмір гүлім сені бүгін
Құттықтайды әулетің,
Азамат бол асқақтатар
Азат елдін сәулетін
Намысты бол табысты бол
Жемістін шаш сәулесін

Байлығым күнім шуағым
Менін емес елінін де болшы ұланы
Женістін шырқа жыр әнін
Көк байрақтын халықтасын көкке қыраны
Арманды жалғаған ұлы
Әрқашанда қызыр-баба болсын жолдасын
Әппағым айналайыным періштелік жебеп сені тәнір қолдасын

Қайырмасы:
Бүгін сенің туған күнің,
Балапаным дәулетім,
Өмір гүлім сені бүгін
Құттықтайды әулетің,
Азамат бол асқақтатар
Азат елдін сәулетін
Намысты бол табысты бол
Жемістін шаш сәулесін
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Кездессем ұрлана караймын
Асаудай тулайды жас жүрек
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін мен бар бір тілек

Сені артық көремін басқадан
Сүйем деп айтуға жасқанам
Жеткізе алама жүректің
Жан сырын жасырын жас қалам

Есімде алғашқы суық кеш
Лязаттын тағдырдын өзің шеш
Ляйліден айрылған Мажнүндей
Дәл қазір менде жоқ ақыл ес

Әлде бір бар шығар сүйгенің
Тәкәппар менсінбей жүргенің
Оны зор мен қор санасаң
Мейрімсіз соққаны жүректің

Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Махаббат жалыным азайды
Басыңа келмес асқайғы
Дидарым көрінсе көзіме
Жүрегім жарыла жаздайды

Кел бетің әрі ай, әрі күн
Жанымда жүрсеңші жарығым
Ай қабат ақ маңдай аруым
Ооооо........

Қайдасың қайда жаным аңсаған
Қайда жүрсеңде табыл аңсаған
Ақ еркем сен деп жан еркем сен деп
Ооооо........
Жүрегім менен тағы да аңсаған

Сертеткен сезімнің барлығын
Сылайын қабылдап бұл кұнін
Көзімнің алдынан кетпеші 
Өзіңнен бір күтсін таңғырып

Қайырмасы:
Ақ құсым қайда деп қараймын
Бақ құсым болса деп талаймын
Қайдасың, қайдасың арайлым
Ооооо........

Қайдасың қайда жаным аңсаған
Қайда жүрсеңде табыл аңсаған
Ақ еркем сен деп жан еркем сен деп
Жүрегім менен тағы да аңсаған

Қайырмасы:
Қайдасың қайда жаным аңсаған
Қайда жүрсеңде табыл аңсаған
Ақ еркем сен деп жан еркем сен деп
Ооооо........
Жүрегім менен тағы да аңсаған-2 раза
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақ босаға аттады, ашылды гүл бақтары
Іздеп жүріп бақыт қандай, бірін-бірі тапқаны
Қос өзен боп аққаны, бақытты бұл шақтары
Күн нұрындай тогіледі махаббаттың шуағы, шырайлы, шырағы.

Қайырмасы:
Тек, мәнгі, мәнгі, мәнгі, мәнгі, мәнгі
Болындаршы бақытты, арнадым ақ тілекті
Айырылмас қос аққулардай жол болсын құтты
Махаббаттың көлінде тойдын бүгін төрінде
Бақыт қонсың өмірде

Жиналған жұрт ағайын, шырқап әнге салайын
Екі жасқа әнді арнап жақындап мен барайын
Бақыттарын бүгінгі аяландар гүлінді 
Құтты болсын бүгінгі екі жастын тойлары, тойлары, тойлары

Қайырмасы:
Тек, мәнгі, мәнгі, мәнгі, мәнгі, мәнгі
Болындаршы бақытты, арнадым ақ тілекті
Айырылмас қос аққулардай жол болсын құтты
Махаббаттың көлінде тойдын бүгін төрінде
Бақыт қонсың өмірде
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.