Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Материалдар санатында: 1138
Материалдар көрсетілді: 941-950
Беттер: « 1 2 ... 93 94 95 96 97 ... 113 114 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жаз болса жарқырыған көлдің беті
Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі

Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар
Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар
Есіме ақ еркемді алған кезде
Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Мінгенім дәйім менің сусыл сары-ай,
Сусылдар шапқан сайын аттың жалы-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде ауылың алыс-ей, қалқатай-ай,
Өтпейді тамағымнан жалғыз тары-ай.

Япырмау-ә.

Мінгенім дәйім менің ұзын құла ат-ай,
Бұлғынның екі жағы малға суат-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде ауылың алыс ей, қалқатай-ай,
Айтайын әнге салып дәтке қаут-ай.

Япырмау-ә.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Айналайын көзіңнен
Күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге
Білінбеген,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.м

Үш ауылдың қыздары
Жиналса да,
Теңгермеймін өзіңе
Басы бүтін,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Қайырмасы:
Айналайын көзіңнен
Күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге
Білінбеген,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Ақша балық шомылған
Айдын көлден,
Алтын қармақ салса да
Ілінбеген.
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Дариға, дүниеге неге келдім,
Келдім де бір жемтіктің соңына ердім.
Сене алмай, сендім деуге дос таба алмай,
Екенін өмір фани енді білдім.

Қайырмасы:
Ғашығым, асылым,
Қайғыңмен-ай, жасыдым.

Ғашықпын-ай, тақат-сабыр ете алмаған.
Мұратқа көп ізденіп жете алмаған.
Қайырса қара қарға қаз алмайды,
Жібекті жүн қылады түте алмаған.

Қайырмасы:
Ғашығым, асылым,
Қайғыңмен-ай, жасыдым.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Есімнен еш кетпейді, Ғайни, атың
Өртеген жүрегімді перизатым
Бұлақтай көгал қуған таудан құлап
Бересің кімге арнап бал ләззатын

Қайырмасы:
Ғайни-ау сәулем
Жүргенім менің бүйтіп сенің әурең

Қарағым, өзіңнен де сөзің татті
Сөзіңнен өзің артық инабатты
Қоянның қолға түскен баласындай
Жаутаң көз сені қандай адам тапты

Қайырмасы:
Ғайни-ау сәулем
Жүргенім менің бүйтіп сенің әурең
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ай қабақ алтын кірпік, қызыл ерін
Кел десең, неге аяйын аттың терін
Сары ағаш сазға біткен секілденіп
Қай жерде отыр екен бұраң белім

Базардан алып келген күміс құман
Жігітті адастырған қалың тұман
Арадан қыл өтпестей тату едік
Біздерге қастық қылған қай антұрған
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.

Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.

Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.

Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.

Елдік деймін, ендеше елдік деймін,
Сұлу қызға жарасқан белдік деймін.

Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.

Сырттай ғана өзіңді білуші едім,
Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.

Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.

Қара күрең асау-ай, кермегім-ай,
Еріккенде бағатын ермегім-ай.

Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.

Қанша ауыл, қанша жер кезсем-дағы,
Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай.

Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап ауылыңнан кетемін бе?

Қайырмасы:
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.

Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.

Қайырмасы:
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы
Жағасында жайқалған жапырағы

Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
Ата анамды сағынып әнге салдым
Бауырымның хабарын алмағалы

Ақ қағазға хат жаздым қалам алып
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып

Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
Ата анамды сағынып әнге салдым
Бауырымның хабарын алмағалы

Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай
Шалға кетіп қор болдым есім танып

Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
Ата анамды сағынып әнге салдым
Бауырымның хабарын алмағалы
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Өлеңім ағайынды, абысынды,
Қамшымның сазға тастап, сабы сынды.
Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,
Қартайып енді менің сағым сынды.

Қайырмасы:
Ой, ідігай,
Әттең қалқа қайтейін,
Күнім ай-ай.

Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Кісіні жақсы көрген шіркін деймін.
Алдында көпшіліктің ән салғанда,
Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.

Қайырмасы:
Ой, ідігай,
Әттең қалқа қайтейін,
Күнім ай-ай.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.