Материалдар санатында: 1138 Материалдар көрсетілді: 971-980 |
Беттер: « 1 2 ... 96 97 98 99 100 ... 113 114 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде, Құриды ынтызарым сен дегенде. Аршын төс, алма мойын, беу қарағым, Бал татыр сілекейің шөлдегенде. Қарғам-ау, ризамын сертке жетсең, Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең. Бірге өскен кішкентайдан, қарғатайым, Өзің біл, ғашығыңды зар еңіретсең!
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Әндердің ұлы атасы «Қанатталды», Арқада аңыратып Сәтжан салды. Талдырып, тамылжытып шырқағанда, Үзілтіп, естігенде жұрт таңқалды. Гүл бақша көңілді бір әсем әнді, Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды, Ән шырқап бой жаза алмай, шалқыта алмай, Қалқытап қайран дүние, қанат алды. Әнім ед сүйіп салған «Қанатталды», Бұл әнім балқытушы ед тыңдағанды. Өмірден өз еркіме орын таппай – Кейінге «Қанатталды» әнім қалды.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қарағым, айналайын, қара қасым, Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай. Еліктің лағындай егілемін, Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай. Қайырмасы: Қараторғай, қарағым-ай, Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай. Қамыстың ат байладым сабағына, Адамның дос болмағын жаманына, еркем-ай. Адамның дос болсаңыз жаманына, Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай. Қайырмасы: Қараторғай, қарағым-ай, Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта, құрбым-ай, Кер арғымақ шұлғиды, құрбым-ай, баушарбақта, құрбым-ай. Құнан атан қолымда, сүйіншім бар, құрбым-ай. Қалқатайдың ауылы, құрбым-ай, дәл қай жақта, құрбым-ай. Бір бәйтерек жаһанда, егіледі, құрбым-ай, Жапырағы жел соқса, құрбым-ай, төгіледі, құрбым-ай, Ауылың алыс кеткенде, беу қалқатай, құрбым-ай, Сынбаса да қабырғам, құрбым-ай, сөгіледі, құрбым-ай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Айдап салдым жылқымды теріскейге, Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме-ай. Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп, Осылайша ән салсам-ай келіспей ме-ай. Қайырмасы: Қара жорға, Жорғалатып салайын-ей, Жолданжолға-ай Жүйрік те бар, жылқымда жорға да бар, Бір атымнан тер шықса-ай пиғылым тар-ай. Ортақ малын елімнің өсірем-деп, Партияға көтерген-ай сенімім бар-ай. Қайырмасы: Қара жорға, Жорғалатып салайын-ей, Жолданжолға-ай
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ауылым көшіп барады белден асып, Белден асқан бұлтпенен араласып-ай. Аулың алыс кеткенде, әй қарағым, Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай. Қайырмасы: Қара көзім, Бар ма есіңде сондағы Айтқан сөзім-ай. Ауылым көшіп барады лай көлге, Шағи бешпет жарасар қынай белге-ай. Аулың алыс кеткенде, қара көзім, Көз жасыңды көл қылып жылай көрме-ай. Қайырмасы: Қара көзім, Бар ма есіңде сондағы Айтқан сөзім-ай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бозбеткейлім-ай ендеше, бозбеткейлім, ахау Бозбеткейден-ай ендеше, мал кетпейді-ай, Қайырмасы: Қоғалы-ай, Қоңыр салқын, Малға жай. Шөбі жұмсақ-ай, шаруа, шөбі шүйгін, ахау, Бағланы мыңғырған жер жетпейді-ай, Қайырмасы: Қоғалы-ай, Қоңыр салқын, Малға жай. Маусым – мамыр-ай болғанда, маусым мамыр, ахау, Мал құдықтан су ішер абыр-сабыр-ай, Қайырмасы: Қоғалы-ай, Қоңыр салқын, Малға жай. Самал соқса қызылдан, ақ дауылмен, ахау, Күн қызады, жер бусап, жасыл адыр-ай, Қайырмасы: Қоғалы-ай, Қоңыр салқын, Малға жай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 5.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аралаймын, ауылыңды тарланменен, Қарамайсың, қасыңа барғанменен. Ойнамаймын, күлмейін десем-дағы, Өтіп барады жас дәурен арманменен. Қайырмасы: Тайбурылдың шабысы-ай, Сәйгүліктің дабысы-ай, Көкейімнен кетпейді-ай Қалқатайдың дауысы-ай. Бетер деймін, ендеше, бетер деймін, Осы бүгін көңіліңді көтер деймін. Осы бүгін көңіліңді көтермесең, Ойнағаның, күлгенің бекер деймін. Қайырмасы: Тайбурылдың шабысы-ай, Сәйгүліктің дабысы-ай, Көкейімнен кетпейді-ай Қалқатайдың дауысы-ай. Тауып алдым аққудың жұмыртқасын, Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын. Өлең айтпай біз қалай отырамыз, Сіздер менен біздер боп жолыққасын. Қайырмасы: Тайбурылдың шабысы-ай, Сәйгүліктің дабысы-ай, Көкейімнен кетпейді-ай Қалқатайдың дауысы-ай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Асау кер ат жүрмейді шалдыққан соң Еркін даусым келмейді қарлыққан соң Қайырмасы: Ақау, тәнім-ай Талма менің жаным-ай Ей, күлди-күлди күнжан-ай Күнде базар үйім-ай Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай Тартша құрбым бір күйді-ай Біздің Бипыл жүр ме екен аман-есен Бейнетімді ұмытам сені көрсем Қайырмасы: Ақау, тәнім-ай Талма менің жаным-ай Ей, күлди-күлди күнжан-ай Күнде базар үйім-ай Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай Тартша құрбым бір күйді-ай Жылқы бағып жарың жүр құба жонда Жаным Бипыл, ұмытпа, мені десең! Қайырмасы: Ақау, тәнім-ай Талма менің жаным-ай Ей, күлди-күлди күнжан-ай Күнде базар үйім-ай Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай Тартша құрбым бір күйді-ай
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қонғаны ауылымның ой болса екен, Қорадан өріп шыққан қой болса екен. Тілеуін екі жастың біз тілейік, Мереке, күнде осылай той болса екен Қайырмасы: Бүлдірген, қандай жақсы, Құрбылармен бір жүрген. Қарағайлы, ендеше қарағайлы, Қарағайды көп жылқы аралайды. Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда, Бекер қарап отырған жарамайды. Қайырмасы: Бүлдірген, қандай жақсы, Құрбылармен бір жүрген.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 4.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері