Арнау дуэті - Егіз-лебіз
0

Көгімдегі айым дейін сені,
Көкшедегі қайың дейін сені,
Көзден ұшып жарықта жүрсең.
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.

Қайырмасы:
Келші бағыма
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным!
Қоншы қолыма,
Арман аппақ құстай, қоншы, жаным
Келші бағыма,
Қоншы қолыма,
Келші жаныма, кел!

Сағынғанда саялайын сені,
Аққуымдай аялайын сені,
Айдыныңда қалықта, жаным.
Бала қаздай мәпелейін сені,
Жаңа өмірге жетелейін сені,
Жаныма кел, жабықпа, жаным.

Қайырмасы:
Келші бағыма
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным!
Қоншы қолыма,
Арман аппақ құстай, қоншы, жаным
Келші бағыма,
Қоншы қолыма,
Келші жаныма, кел!

Аппақ таңдай тілегім де өзің,
Алатаудай тірегім де өзің,
Жер бетінде қатар жүргенде.
Қол ұстасып бірге күн кешейік,
Қол ұстасып бірге үндесейік,
Атар таңға, батар күндерге.
Бұл пайдалы:

Караулар: 1068

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.