Ауылдың маңы болатын
Аралап келем жерімді
Кең жайып жібек қанатын
Жауыпты-ау гүлдер өңірді
Көгілдір өлке бар аймақ
Ғажайып әнге салады
Болғанын жаздың хабарлап
Қарлығаш ұшып барады
Қырқаға толған қызыл гүл
Қараймын сонша қызыға
Қай шоғын ғана үзіп бір
Сыйлармын сүйген қызыма

Караулар: 1259
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[
Тіркелу |
Кіру ]