Б. Тәжібаевтікі - Туған жер, өзің дегенде - Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Б. Тәжібаевтікі - Туған жер, өзің дегенде
0

Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
Бұл пайдалы:

Караулар: 908

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.