Қарағым айналайын көз көргенім
Бұралған тал шыбықтай қыпша белің
Сөзің бал, тісің меруерт, беу, қарағым
Есімде мен сендік деп сөз бергенің
Қайырмасы:
Ахау, Бірлән
Әнім, түрлен
Ән еді жаңа шыққан, ахау үри-ай
Жастар, үйрен-а-ай
Көрінер сұлу жирен жарағанда
Шаштарың гүл-гүл жайнар тарағанда
Таңданып жығылуға таянамын
Мойныңды бұра тастап қарағанда
Қайырмасы:
Ахау, Бірлән
Әнім, түрлен
Ән еді жаңа шыққан, ахау үри-ай
Жастар, үйрен-а-ай