Дамылдап өзендер де
Күн батып, күн шығады
Мен үшін көзіңді ілмей
Анашым, жүрсің әлі, жүрсің бе әлі?
Қайырмасы:
Дүние құлпырады
Боялып дала нұрға
Сонда да мен тұрамын
Өзіңнің жанарыңда
Сағымға тербетіліп
Шықтың сен қанша қырға
Шаршады жел де, тынып
Анашым, шаршадың ба?
Шаршадың ба?
Қайырмасы:
Дүние құлпырады
Боялып дала нұрға
Сонда да мен тұрамын
Өзіңнің жанарыңда
Жайнаған балғын гүлмен
Жан-анам - жасыл бағым
Өзіңмен жаным бірге
Мәңгілік қасыңдамын
Қайырмасы:
Дүние құлпырады
Боялып дала нұрға
Сонда да мен тұрамын
Өзіңнің жанарыңда