Жалғыз аяқ жолдарым,
Сапарымды бастап, жөнелді арба.
Жүрегімнен тойладым,
Той мейрамда тарттым, өнерді алға.
Келем жолда, сенем жолда,
Өмірім сонда,
Жолдарымды Тәңірім қолда.
Қайырмасы:
Айнала айналайын ауыл – ай
Қарбызы мен тәтті қауыны – ай, көлдерім
Айнала көздің алар жауын – ай
Бәрі маған достар бауыр – ай,
Ауылымнан басталған,
Махаббатым арман жүрегім менің.
Шашуларын шашты алдан,
Ауылым сен думан тірегім менің.
Жұбанышым, қуанышым,
Ауылым едің,
Өскен ортам – ұлы Елім менің.
Қайырмасы:
Айнала айналайын ауыл – ай
Қарбызы мен тәтті қауыны – ай, көлдерім
Айнала көздің алар жауын – ай
Бәрі маған достар бауыр – ай, орманым