Е.Баябеков - Сүйгеніңді бағала - Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Е.Баябеков - Сүйгеніңді бағала
0

Әрбір жанның жүрегінде
Бар өзіннің арманы
Әрбір жанның сол арманы
Қиындыққа салмалы
Шын сүйгенге сүйемін деп
Айту қиын сөзімен
Сезсе шіркін сол бір жанның
Мөлдіреген көзінен
Шын сүйгенге сүйемін деп
Айту қиын сөзімен
Сезсе шіркін сол бір жанның
Мөлдіреген көзінен

Қайырмасы:
Теңеймін мен ғашықтарды
Айдындағы аққуға
Эй, аққулар сүйген жанды
Бағалай біл бақ қума
Айырылған сүйгеніңнен
Өте қиын білемін
Ғашықтарға бақыт тіледім
Ғашықтарға бақыт тіледім

Айналамыз гүлденетін
Нөсер төккен шақтарда
Ғашықтардың жұлдызы бар
Шығатұғын ақтаңда
Эй, ғашықтар соны күтіп
Бар сырыңды ақтарда
Сол арада мәпелескен
Айдың куә бақтарда
Эй, ғашықтар соны күтіп
Бар сырыңды ақтарда
Сол арада мәпелескен
Айдың куә бақтарда

Қайырмасы:
Теңеймін мен ғашықтарды
Айдындағы аққуға
Эй, аққулар сүйген жанды
Бағалай біл бақ қума
Айырылған сүйгеніңнен
Өте қиын білемін
Ғашықтарға бақыт тіледім
Ғашықтарға бақыт тіледім

Дөңгеленген мына өмір
Махаббаттан жаралған
Ғашықтар бар түсініспей
Сезімге оқ қадалған
Эй, ғашықтар құлпырыңдар
Сүйгеніңді бағала
Гүлденіңдер көктемдей боп
Күн шуақтан нәр алған

Қайырмасы:
Теңеймін мен ғашықтарды
Айдындағы аққуға
Эй, аққулар сүйген жанды
Бағалай біл бақ қума
Айырылған сүйгеніңнен
Өте қиын білемін
Ғашықтарға бақыт тіледім
Ғашықтарға бақыт тіледім
Бұл пайдалы:

Караулар: 940

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.