Еркеғали Рахмадиев - Қайдасыңдар, қаруластар - Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Еркеғали Рахмадиев - Қайдасыңдар, қаруластар
0

Қара бұлт төніп, қара жер
Қанталап күйіп жатқанда.
Қаңтардай қысып, қайғы шер
Қайысып елге батқанда.

Қайырмасы:
Бірге болған жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Айналып өзен, тас жырға,
Аңыз боп кеткен бір шақта.
Ақ құйын оқтың астында,
Ажалға белді бусақ та.

Қайырмасы:
Қалт етпеген жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Тар окоп болған баспана,
Таңып ап бірге жараны.
Құладық жауды жастана,
Жарқ етіп өмір қарады.

Қайырмасы:
Қайта туған, жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Қайтпаған елге қырандар – 
Мәңгілік солмас гүлсіңдер!
Біріңнен бірің сұраңдар,
Барларың қайда жүрсіңдер?

Қайырмасы:
Бер кездегі жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?
Бұл пайдалы:

Караулар: 767

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.