Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері зулаған.
Ресей кең, артымызда – Москва,
Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам!
Қайырмасы:
Аттық, қане, аттық, қане,
Ал гранат, ал қанша.
Ақтық қаның, ақтық жаның
Айқасамыз қалғанша!
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері зулаған.
Аман қалды, аман қалды
Москвадай ұлы анаң,
Шегінбеді, шегінбеді жиырма сегіз бір қадам,
Шегінбеді жиырма сегіз бір қадам!
Қайырмасы:
Ердің бәрі, ердің бәрі
Шегінбеді бір қадам.
Елдің бәрі, жердің бәрі
Аңыз етіп жырлаған.