Салғаным сал қара атқа жаппай күміс
Білмеген асыл жайын адам емес
Осы әнді Юран деген қыз айтыпты
Баласы басқа адамның салған емес!
Қайырмасы:
Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай
Ха-ла-ла-кім Юран-ай!
Қыз бопты Қараөткелде Юран атты
Аузынан шыққан сөзі балдан тәтті
Салғанда домбырада Юран әнін
Өзіме тартып алам адамзатты!
Қайырмасы:
Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай
Ха-ла-ла-кім Юран-ай!