Сары кемер сен деп кезем сағым ішін,
Әніме кеп құйылады сағынышым, шіркін!
Қайырмасы:
Ауладағы ағашпенен тете өскен төл едім.
Бірге ағып таласпенен барсын осы өлеңім.
Нөсерде де сені ойлаймын, жауған қарда,
Таласындай мөлдір болсам, арман бар ма, шіркін!
Қайырмасы:
Ауладағы ағашпенен тете өскен төл едім.
Бірге ағып таласпенен барсын осы өлеңім.
Пенде шіркін бала күнін сағынса – мұң,
Көз алдымда асыл анам, қалың сағым, шіркін!
Қайырмасы:
Ауладағы ағашпенен тете өскен төл едім.
Бірге ағып таласпенен барсын осы өлеңім.