К.Қуатбаев - Таң самалы
0

Таң самалы шар тарапты шарлайды
Сергітеді асқар тауды, шалғайды
Самал ессе айдын көлдің бетінде
Аққу құстың ақ қанаты талмайды

Қайырмасы:
Асқар тауды, шалғайды
Таң самалы шарлайды
Құс қанаты талса да
Ән қанаты талмайды
Шарықтайды даланы
Таудың еркін самалы
Шақырғандай орманнан
Оятады таң әні

Таң самалы әнге бөлеп орманды
Жапырақтар сылдыр қағып тойлайды
Желбіретіп орамалын ұшынан
Сәйлетайдың шашыменен ойнайды

Қайырмасы:
Асқар тауды, шалғайды
Таң самалы шарлайды
Құс қанаты талса да
Ән қанаты талмайды
Шарықтайды даланы
Таудың еркін самалы
Шақырғандай орманнан
Оятады таң әні

Бетті сыйпап ессе майда, ерке жел
Сұлу қыздар жүзін тосып еркелер
Таң самалы, шарықтай бер, есе бер
Махаббаттың әсем әнін шерте бер

Қайырмасы:
Асқар тауды, шалғайды
Таң самалы шарлайды
Құс қанаты талса да
Ән қанаты талмайды
Шарықтайды даланы
Таудың еркін самалы
Шақырғандай орманнан
Оятады таң әні
Бұл пайдалы:

Караулар: 2194

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.