Сақинадай таңдап алған саңлағым
Топ ішінде дара тұрар ардағым
Еске түссең сені ойласам, Ғалия-ау
Қозғалады жан дүнием, зарларым
Қозғалады жан дүнием, зарларым
Түсінбедің балалықпен ұқпадың
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын
Сезім еді махаббатқа бөленген
Күнде өртейді сенен қалған от-жалын
Күнде өртейді сенен қалған от-жалын
Қалай ғана жүрегімді жандырдың
Неге мұнша көңілімді қалдырдың
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың
Түсінбедің, балалықпен ұқпадың