Ақ көңіл ағызайық әннің майын
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын
Астынан алты қырдың шыққан даусым
Жетсе екен құлағына қалқатайдың
Қайырмасы:
Ахау, Гүлдерайым
Күн мен Айым
Ұшарға қанатым жоқ
Не қылайын?
Жаз шықты жадыратып майдың айын
Әніне шырқай кетті Гүлдерайым
Шығады ащы даусым әнге бассам
Қарағым, сен есіме түскен сайын
Қайырмасы:
Ахау, Гүлдерайым
Күн мен Айым
Ұшарға қанатым жоқ
Не қылайын?