Ойлаймын әке, өзіңді
Қызарып барып күн батса
Еске алам нұрлы сөзіңді
Жұлдыздар маған тіл қатса
Қайырмасы:
Еңкейген белге қарама
Еңсеңді елмен биіктет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Туған жер деген ұяны
Суытпай дәйім жылы ұста
Бүркіттей шолып қияны
Биікте жүрсің тыныстап
Қайырмасы:
Еңкейген белге қарама
Еңсеңді елмен биіктет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Әкеге қарап ұл өсер
Армансыз әке қайда бар
Ғұмырға ғұмыр жалғанар
Көңілің содан жайланар
Қайырмасы:
Еңкейген белге қарама
Еңсеңді елмен биіктет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет