Сенсің деп айтар әнім
Күн сайын қайталадым
Аяулым жарым сенсің
Бақытым барым сенсің
Қайырмасы:
Сен менің арманым аққұсымсың
Сен менің ардағым бақ құсымсың
Бір сен деп, аққусым аңсағаным
Әлемге әніммен жар саламын
Сен берген бақытыңнан
сен берген шаттығыңнан
Теңіздей шайқаламын
Гүл болып жайқаламын
Қайырмасы:
Сен менің арманым аққұсымсың
Сен менің ардағым бақ құсымсың
Бір сен деп, аққусым аңсағаным
Әлемге әніммен жар саламын
Сен менің әппағымсың
Сағынып тапқанымсың
Сәулелі күндізімсің
Сен менің жұлдызымсың
Қайырмасы:
Сен менің арманым аққұсымсың
Сен менің ардағым бақ құсымсың
Сен менің ақ шолпан, аңсағаным
Сен менің сәулем-ау таң самалым
Сен менің ақ шолпан аңсағаным
Аққусым бір сен деп, ән саламын