Еркелеп өстік, бала да болдық
Қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей
Кей кезде көсем, дана да болдық
Қайырмасы:
Есейдік енді ақтықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысың менен бақ-құтты бөліп
(Кешір ана)
Піспеген әлі шала шығармын
Үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар
Кешіре көрші анашым бәрін
Қайырмасы:
Есейдік енді ақтықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысың менен бақ-құтты бөліп
(Кешір ана)
Тағдырын білем қояды сұрақ
Жаппасын қатты есігін бірақ
Басымды иіп отырмын мұңды
Барлығы үшін кешірім сұрап