Ой, үкілі-ай,
Үкілім айдай бүрлен-ай.
Ән сал десем балалар, ән салмайды-ай.ей,
Заманақыр болғавда жан калмайды-ой.
Үкілім айдай бүрлен-ай.
Қылышынан қан тамған Қалиды алған-ай,
Соларды алған бар құдай кімді алмайды-ой,
Үкілім-ай, үкілім айдай бүрлен-ай.
Ө лең де өнер кісіге, өнер де өнер-ай,
Өрге салса шын жүйрік өршеленер-ай. Үкілім айдай бүрлен-ай.
Осындайда балалар ойна да күл-ай,
Мың күн жанған шырағым бір күн сөнер-ой,
Үкілім-ай, үкілім айдай бүрлен-ай.