Аспанда ай болмаса, адасады,
Көңілді көтермесе, кір басады, айдай-оу.
Болғанда кеуде сандық, ақыл алтын,
Сандықты кілт болмаса, кім ашады, айдай-оу.
Барады ауылым көшіп Көлме көлге,
Көлме көл, алые дейді көрмегенге.
Ауылыңа қыс бармасам, жаз барамын,
Жаз шығар, күн күркіреп, өлмегенге.