Дүние кудым сені-ау, жалықпай-ақ,
Судағы ұстатпадың-ау балықтай-ақ, Үриай-ау.
Біреуге мал мен басты-ау бірдей берер,
Қойды ғой кейбіреуді-ау жарытпай-ак, Үриай-ау.
Дүние ойлап тұрсам-ей жалған екен,
Ғаламды он сегіз мың-ау алған екен, Үриай-ау.
Жібіңдей машинаның-ау қайран, әнім,
Шалдығып шабан аттай-ау қалған екен, Үриай-ау.