Менің атым сұрасаң Саңғырбаймын,беу,беу,беу,
Малға кедей болғанмен, әнге баймын, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
Қанша мың сом болған(ы)мен жан қалтамда, беу,беу,беу,
Түбі тесік қалтамның байымаймын, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
Керегенін басында оймақ тұрар, беу,беу,беу,
Кедейшілік жігітке қой бақтырар, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
Алған жары жігіттің, жақсы болса, беу,беу,беу,
Тал шыбықтай бұралып, ойнап тұрар, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.