Немене өлең деген-ей, білген кұлға-ей, жалған,
Сыйлаған ата-енесін адал ұлға.
Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.
Сыйласа ата-енесін-ей, адал ұлға-ей, жалған,
Дәулетің дами берсін жылдан-жылға.
Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.
Өлеңді айтдегенде-ей, ере алмаймын-ей, жалған,
Барады өтіп жасым сене алмаймын.
Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.
Келіппіз елу жасқа-ей, жас ортасы-ей, жалған,
Айналып жиырма беске келе алмаймын.
Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.