Армысың, айналайын, Бауыр аға,
Көргенде ақ жүзіңді астанада.
Елестеп көз алдымнан өтіп жатты
Жауынгер сегізінші гвардия.
Қайырмасы:
Бауыр аға, батырым,
Полк бастар ақылың.
Бір де болсаң бірегей,
Мың сан қолға татырым.
Уа, еліме туғанында қиын-қыспақ,
Төрінде қан майданның құрып штаб.
Атқарар бір үмітті азаматтай,
Батырға бүкіл бейнең тұрды ұқсап.
Қайырмасы:
Бауыр аға, батырым,
Полк бастар ақылың.
Бір де болсаң бірегей,
Мың сан қолға татырым.