Ән салайық, келіңдер,
Жырдан моншақ теріңдер.
Көтерейік көңілді
Мың бұралып билеңдер.
Күй айналған бой баурап,
Бізбен қатар жүр ойнап.
Ортамызға жауқазын
Келді бүгін сый арнап.
Қайырмасы:
Бала, бала балдырған,
Бұлбұл құстай ән салған.
Бала, бала балдырған,
Жауқазындай жайнаған.
Өнер өрге самғасын,
Жас қанатың талмасын.
Мерекеміз мерейлі
Қуанышпен жалғасып.
Қаймалаған халайық
Сайысқа ат салайық.
Жауқазынның бөбегін
Ортамызға салайық.
Қайырмасы:
Бала, бала балдырған,
Бұлбұл құстай ән салған.
Бала, бала балдырған,
Жауқазындай жайнаған.

Караулар: 1704
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[
Тіркелу |
Кіру ]