Әсет Бейсеуовтікі с. Оспанхан Әубәкіровтікі - Аспан қызы - Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Әсет Бейсеуовтікі с. Оспанхан Әубәкіровтікі - Аспан қызы
0

Әсет Бейсеуовтікі
с. Оспанхан Әубәкіровтікі

Өңім бе, әлде түсім бе бір қыз көрдім,
Құралайдай құлпырған құндыз көрдім.
Қызыл қанат қыздардың періштесі,
Жерге түскен аспаннан жұлдыз көрдім.

Қас қияқтай қасы,
Қара зердей шашы.
Құлпырады тотыдай,
Қаншада екен жасы.
Қарақаттай көзі,
Әсем әндей сөзі.
Ақ дидары толған ай,
Қыз Жібектің өзі.

Күндіз естен кетпеді, түнде – түстен,
Алтын жұлдыз аспаннан кімге түскен.
Жалғыз ғана өзі ме жерде жүрген,
Құрбылары жоқ па екен бірге түскен?

Қас қияқтай қасы,
Қара зердей шашы.
Құлпырады тотыдай,
Қаншада екен жасы.
Қарақаттай көзі,
Әсем әндей сөзі.
Ақ дидары толған ай,
Қыз Жібектің өзі.

Мұндай қыздар аспаннан келмесе екен,
Жігіттердің көңілін бөлмесе екен.
Ай деп, Күн деп тең таппай жүрген қызым,
Бір досымның құрметті жеңгесі екен.

Көңіл шіркін қалды,
Жүрек оттай жанды.
Тоты деген қызымыз,
Бір тозаққа салды.
Жібек деген мықты,
Жеңгеміз боп шықты.
Мендегі бар махаббат,
Осыменен бітті.
Бұл пайдалы:

Караулар: 670

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.