Жүректерді жырлатып, Құралай,
Жанарлармен тіл қатып, Құралай.
Сезім деген айдында, Құралай,
Кездесу де бір бақыт, Құралай.
Тамған жасы нұр-жақұт, Құралай,
Еріндермен құрғатып, Құралай.
Қиыса алмай амалсыз, Құралай,
Қоштасу да бір бақыт, Құралай.
Елікпей еш жырға түк, Құралай,
Кірпік ілмей түн қатып, Құралай.
Іңкәрлікпен үздігіп, Құралай,
Аңсаған да бір бақыт, Құралай.