Ә. Телғозиевтікі - Тұсаукесер
0

Айналайын ақ балам,
Бұғанасы қатпаған.
Ботадайсың үкілі
Босамаған ноқтадан.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!

Тұсауыңды кескен күн,
Құтты болғай дескен күн.
Ата-ананың көңілі
Көкке жете өскен күн.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!

Құлыншақтай құлдыра,
Қоңыраудай сылдыра.
Тауға қарай жүгірсең,
Жеткізбей кет құрбыңа.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!

Айналайын алтыным,
Шымыр болсын балтырың.
Жел ескендей алдыңнан
Күшті болсын қарқының.

Қайырмасы:
Бас-бас, бекем бас,
Желаяқтай жедел бас!
Бұл пайдалы:

Караулар: 1648

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.