Ағалық атқа малданып
Сен келсең қалдым алданып
Тұлғамыз таудай болса да
Інілер десе жан нәзік
Қайырмасы:
Айналдым інім айналдым
Асаудай арлы айбарлым
Жадырататын жанымды
Сендегі иісі маңдайдың
Ат қылып шарбақ шыбығын
Жетілі желмен тұлымың
Түсіріп еске сол күнді
Көз айым болып жүр інім
Қайырмасы:
Айналдым інім айналдым
Асаудай арлы айбарлым
Жадырататын жанымды
Сендегі иісі маңдайдың
Көкелеп жаным келістің
Түсінбес мендей сені ешкім
Пайдасы барын біліп жүр
Ағадан алған кеңестің
Қайырмасы:
Айналдым інім айналдым
Асаудай арлы айбарлым
Жадырататын жанымды
Сендегі иісі маңдайдың
Айналдым інім айналдым
Асаудай арлы айбардым
Жадырататын жанымды
Сендегі иісі маңдайдың
Жадырататын жанымды
Сендегі иісі маңдайдың