Жанбота Тұяқбаевтікі с. Шөмішбай Сариевтікі - Аққу сенім - Қазақ тіліндегі әндердің сөздері - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Жанбота Тұяқбаевтікі с. Шөмішбай Сариевтікі - Аққу сенім
0

Суытпаған бозторғайдай ұясын,
Жүрегіме жылуыңды құясың.
Кенже балаң келді өзіңді сағынып,
Аман жүрші, соның өзі сый асыл.

Қайырмасы:
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен.

Қайырмасы:
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Жаның мөлдір жанарындай ботаның,
Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.
Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,
Сағынышпен мен жолыңды тосамын.

Қайырмасы:
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Бұл пайдалы:

Караулар: 656

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.