Материалдар санатында: 350 Материалдар көрсетілді: 181-190 |
Беттер: « 1 2 ... 17 18 19 20 21 ... 34 35 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? Уа, дариға, алтын бесік туған жер Қадіріңді келсем білмей кеше гөр Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей Ақын болмай тасың болсам мен егер Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің Нендей күйге жүрегімді бөледің Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім Қызығыңды көріп еркін келемін Сен де аямай бердің маған барыңды Мен де аямай барым саған беремін Болдым ғашық туған дала мен саған Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың Өз советім - өзім туған босағам
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері

Адалдығы болмаса аңсатар ма, Ару-деген - әдемі, әрқашанда, Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт. Әр таң оған ерекше күліп келген, Әр көктемнен ерекше үміттенген, Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт. Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім, Күнге қарап көктемде күлген едім, Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін! Жайқалады гүлзары көнілімнің, Мен қазақтың қызымын, келінімін, Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін! Мен - әйелмін, әлемнің анасымын, Үміт жеңген кеудесе жан ашуын, Күлкісі – күн, тәні – нұр, санасы – мұн, менмін. Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын, Ғажап түске боядым ғайып түнін, Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алматының алмасы Күннің қызыл түсіндей. Ұсынғанда алмайсың, Жүрмін, сәулем, түсінбей. Қайырмасы: Кеткенің бе, сәулем-ай, Алма жүзің алаулап? Менің дағы қалды ғой, Жүрегімде ән ойнап. Қызыл таңнан тұрам да, Қызыл алма жинаймын. Алатаудың апортын Сәулем, саған сыйлаймын. Қайырмасы: Кеткенің бе, сәулем-ай, Алма жүзің алаулап? Менің дағы қалды ғой, Жүрегімде ән ойнап. Жалындаған гүл едің, Кұрбылардың ішінде. Алма сыйлап жүремін, Өңім түгіл түсімде.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ассалаумағалейкум, ағаларым Бүлдірген. Ақ жібекпен қайырған жағаларын Бүлдірген. Сіздерге арнап, ағайын, өлең айтсам Бүлдірген. Жаңылдыра сөзімді, бабаларым Бүлдірген. Қайырмасы: Тауда өскен бүлдірген Қырда өскен бүлдірген Ағаларым болмаса, Қадірімді кім білген? Жаны жайсаң ағайын, Қадіріңді кім білген? Қарағайлы ендеше, қарағайлы, Бүлдірген. Қарағайды көп жылқы аралайды, Бүлдірген. Жақсы – жайсаң осындай бас қосқанда Бүлдірген Бекер қарап отырған жарамайды , Бүлдірген.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 5.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған Сағынышым сары ормандай самсаған, Әке болып жүргенімді ұмытып Әлі күнге еркелеймін мен саған. Құлындаймын асыр салған аңғарда, Қозыңдаймын ойнақтаған албарда. Өзің барда қысылмаймын күлуден, Жылауға да қысылмаймын сен сен барда. Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, Мен өзіңнен қабылдаппын күюді Сенің жаның жүрегімде ораулы, Менің жаным жаулығыңа түюлі.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 2.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алыс қалған күндер, Жүрмедіңдер бірге сағындырып. Жетемін деп арман, Мен өзіңнен қалман, сағым қуып. Қайырмасы: Жеткізбейді кезең, Өткізбейді өзен, Бір бақытты сезем, сезем. Бар өмірім алда, Сен қасымнан қалма, Оятады таңдаря аяулым. Зуылдайды кеме, Теңіздерде терең, дауылдарда. Ере берші маған, Жауратпаймын сені жаным барда.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Өзің едің тірегім де, Жыр боп тұндың жүрегімде. Мені сендей түсінетін Кім бар екен бұл өмірде?! Қайырмасы: Жарқын құшақ жайған айым, Ниетіңе сай болайын, Мені сүйген жүрегіңнің Лүпілінен айналайын. Әнін әнге жалғассын деп, Келеді арман алға сүйреп. Менің кемем өрге жүзсе, Сен қуандың алғаш рет. Қайырмасы: Жарқын құшақ жайған айым, Ниетіңе сай болайын, Мені сүйген жүрегіңнің Лүпілінен айналайын. Саған мәңгі борыштармын. Көңіліме қоныстандың. Азаматтық ажарыңа Мақтау айтсам намыстандың.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Адалдығы болмаса аңсатар ма, Ару-деген - әдемі, әрқашанда, Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт. Әр таң оған ерекше күліп келген, Әр көктемнен ерекше үміттенген, Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт. Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім, Күнге қарап көктемде күлген едім, Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін! Жайқалады гүлзары көнілімнің, Мен қазақтың қызымын, келінімін, Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін! Мен - әйелмін, әлемнің анасымын, Үміт жеңген кеудесе жан ашуын, Күлкісі – күн, тәні – нұр, санасы – мұн, менмін. Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын, Ғажап түске боядым ғайып түнін, Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 3.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Әке, туған күніңмен, Құттықтаймын бүгін мен. Бір ән салып берейін, Балдан тәтті тіліммен. Қайырмасы: Шаттанасын ұлым деп, нұрым деп, күнім деп. Мақтанасын дүрілдеп, маған күлімдеп. Бізді ойлайсын, білемін, Лүпіл қағып жүрегің. Аман жүрші әрқашан, Бұл – балалық тілегім. Қайырмасы: Шаттанасын ұлым деп, нұрым деп, күнім деп. Мақтанасын дүрілдеп, маған күлімдеп. Жас қанатым талмасын, Алысқа ұшып самғасын. Ауруыңды жазамын, Мен дәрігер болғасын. Қайырмасы: Шаттанасын ұлым деп, нұрым деп, күнім деп. Мақтанасын дүрілдеп, маған күлімдеп.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері