Материалдар санатында: 12 Материалдар көрсетілді: 11-12 |
Беттер: « 1 2 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ақ тұйғын құс қолымда сырғақты ма, Басып-басып алайын ырғақтыма. Бозбала, саған айтар өсиетім, Жақын жүр әлпештеген ардақтыға. Жанып тұрған жас өмір, ал қызыл гүл, Сипаттауға қызығын жетпейді тіл. Жауқазын – желбіреген жастық шағым, Өмірдің мағнасына түсіне біл!
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап, Адамзат қалмақ па екен солай сарнап. Көз көрген құрбыларға дұғай сәлем, Батасын оқи берсін маған арнап. Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан, Шешеннің сөз шығады таңдайынан. Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым, Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан. Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым, Үкідей мен сендерді балақтадым. Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар, Ескітен келе ме деп алақтадым. Салғаным ағаш үйге ызботты пеш, Жаратқан, мен пендеңнің күнәсін кеш. Денеме кендір арқан жаман батты, Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш. Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті, Қинауға салады екен адамзатты. Үкідей желпілдерген, қарақтарым, Шешсеңші, білегіме арқан батты.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері