Белгісіз жанр - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Белгісіз жанр

Материалдар санатында: 1006
Материалдар көрсетілді: 111-120
Беттер: « 1 2 ... 10 11 12 13 14 ... 100 101 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жырым бар сусындаған мың бұлақтан,
Сырым бар шындығыма куә қылар.
Жұлдыз бар көңілімде жымың қаққан,
Жанымда ару күннің шуағы бар.

Басыма қонды бүгін бақ-құт менің,
Бұл ғашық жүрегімде жасын от бар.
Біткенше ең ақырғы ақтық демім,
Бір сүйсем құлай сүйер қасиет бар.

Аспанға қалықтайды әнім өктем,
Арманым адал, асқақ, әділ сөзім.
Сен менің дүниемді танып өт тек,
Мен саған сыйлап өтем бәрін соның.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Өлеңді айтайын деп еттім талап,
Жөнсіз-ау не қылайын бойды балап.
Балалар өлең айт деп талап етсе,
Жарамас құр тұрғаным бекер қарап, ах-ай.

Қайырмасы:
Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.

Өлеңді айт дегенде болдырар ма,
Тойда ақын өлең айтып жаңылар ма?
Балалар айт деген соң, айта салдым,
Тамаша күнде осындай табылар ма, ах-ай!

Қайырмасы:
Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Асау өмір арнасында
Шалқып сәби сезімменен
Он жыл мектеп партасында
Бірге отырдым өзіңменен

Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды

Елес беріп келешегің
Қимасыңа баладың ба
Қоштасарда неге сенің
Жас толқыды жанарыңа

Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды

Іңкәр еткен атар таңға
Қош бол енді бала көктем
Бізді алыс сапарларға
Шақырады самолеттер

Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Аралап талай жердің дәмін таттым,
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым.
Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам,
Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым.

Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды, кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гакку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Өзіңмен қалсам кезігіп
Ғажайып бір күй туатын
Екеуміз ғана сезініп
Екеуміз ғана ұғатын
Екеуміз ғана ұғатын

Қайырмасы:
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма
Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным кетеді жаным елжіреп

Наздана күлсең сыңғырлай
Жадырап жаным жаңарып
Жаңбырлар соңғы қарлардай
Дүние кетер жаңарып дүние кетер тазарып

Қайырмасы:
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма
Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным кетеді жаным елжіреп

Өзіңе қалсам тіл қатып
Зымырар қаным тулатып
Сондағы ойым арманым
Ғажайып күйін жырлатып
Ләззатқа кетсек бір батып

Қайырмасы:
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұндайда
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма
Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным кетеді жаным елжіреп
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Атандым Ғазиз ақын бала жастан
Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан
Жүйрікті жорға мініп жетеледім
Көңілім қалған емес қиғаш қастан

Қайырмасы:
Ау, өттің жалған
Кештім сайран
Жігіттік әсерінде
Салдым сайран

Файзолла әкем аты, Ғазиз атым
Демесең шала қазақ арғы затым
Жел сөздің бір-екі ауыз арқасында
Үш жүздің таныс еттім азаматын

Қайырмасы:
Ау, өттің жалған
Кештім сайран
Жігіттік әсерінде
Салдым сайран
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Ғашығым менің, Сені сүйемін.
Өмірдің мәні Сен деп білемін.
Сен, Сен, Сен.

Сен, Сенің күн нұрлыңнан ұялған көздеріңді,
Еркелеген қылығыңмен балдай тәтті сөздеріңді.
Тал шыбықтай бейнең Сенің баурап алды есімді,
Елестетем жүзіңді мен, жұмсам егер көзімді.
Есімдесің әрқашан жиырма қазір Сен ойлап,
Ақпаратқа өлең жолы түсіп жатыр Саған арнап.
Болмасаң Сен қасымда, қаламын мен уақыт санап,
Қашан көрем екен деп, Сені іздеп, аңсап.
Тез сағынам Жаным Сені, неге екенін білмеймін,
Жанымда кез болсаңда түсімде Сені көремін.
Керек емес Сенен басқа хат жазулы болсада,
Сен боларсың кездестірген тағдырымның жолында.

Қайырмасы:
Ғашығым менің, Сені сүйемін.
Өмірдің мәні Сен деп білемін.
Сен, Сен, Сен.

Сыйға тартам үш-үшілді аспандағы Саған арнап,
Оның сыртын көк аспанмен, күнмен мұрат берем Саған.
Құс жолымен жазып Сенің есіміңді,
Жасырмаймын Сенен нәзік махаббат әсем сезімімді.
Аңсап Сенің сымбаттыңды әрбір таңым атады.
Бір көрсемде ақ жүзіңді күнде қимай атады.

Қалай ғана жасады екен? Таң қаламын, жаратқан.
Шынымды айтсам бара-сүрлі көркемшілеу мен үшін,
Ең алдымен ашық Сенің мінезің мен қиын кезде сүйіп қосқанда яғни,
Аман болшы қайда жүрсең бақытыңды тіледім.

Қайырмасы:
Ғашығым менің, Сені сүйемін.
Өмірдің мәні Сен деп білемін.
Сен, Сен, Сен.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сүйгенім жанымдасың,
Сен менің жұлдызымсың.
Өзіңсің жан саяулым,
Өмірлік мазмұнымсың.
Сен болсаң ғұмарымда,
Бақытым да, сырым да.
Көздерің мөлдіреген,
Нәр берді ме жыры ма?!

Қайырмасы:
Асылымсың, ғашығымсың,
Жүрегімде сенсің.
Жұлдыз бағын бірге, жаным,
Аралаймыз, келші...

Мен үшін бір өзіңнен
Ешнәрсе керек емес.
Тек қана қасымда бол,
Бұл өмір өтер емес.
Білерім осы ғана,
Өзіңнен сұрағаным.
Жанымды сүйе білген,
Өзіңді бағаладым.

Қайырмасы:
Асылымсың, ғашығымсың,
Жүрегімде сенсің.
Жұлдыз бағын бірге, жаным,
Аралаймыз, келші...
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ғашықтар қаласында,
Жұлдыздар арасында.
Келеміз толқып-тасып,
Сезімнің шарасында.

Көрдім мен шаттығыңды,
Шапағатыңды.
Аяулы пәктігіңді,
Кіршіксіз махаббатыңды.

Көктеме түнінде бұл,
Тоңдың ба, дірілдедің.
Біресе өкпеледің,
Біресе күлімдедің.

Көрдім мен шаттығыңды,
Шапағатыңды.
Аяулы пәктігіңді,
Кіршіксіз махаббатыңды.

«Сүйем!» - деп, мойындарсың,
Лапылдап, жалындарсың.
Іңкәрлік белгісіндей,
Кеудеңде әнім қалсын.

Көрдім мен шаттығыңды,
Шапағатыңды.
Аяулы пәктігіңді,
Кіршіксіз махаббатыңды.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көрініп көркіңнен
Мейірімің төгілген
Қиындық сәттерде
Жұбанам сөзіңнен
Балалық қиялым
Байлығым жыр әнім
Сен үшін ақ тілек
Жаныма жинадым

Қайырмасы:
Досым, досым, досым
Шаттығың құтты болсын
Досым, досым, досым
Үйіңе қыдыр қонсын
Досым, досым, досым
Шаттығың құтты болсын
Досым, досым, досым
Үйіңе қыдыр қонсын
Қыдыр қонсын
Қыдыр қонсын

Өзіңе қазынам
Сағынам назыңнан
Арнадым әнімді
Сен үшін жазылған
Әнімді мәңгілік
Барады жаңғырып
Бақытты түріңнен
Келеді таң күліп

Қайырмасы:
Досым, досым, досым
Шаттығың құтты болсын
Досым, досым, досым
Үйіңе қыдыр қонсын
Досым, досым, досым
Шаттығың құтты болсын
Досым, досым, досым
Үйіңе қыдыр қонсын
Қыдыр қонсын
Қыдыр қонсын

Досым, досым, досым
Шаттығың құтты болсын
Досым, досым, досым
Үйіңе қыдыр қонсын
Досым, досым, досым
Шаттығың құтты болсын
Досым, досым, досым
Үйіңе қыдыр қонсын
Қыдыр қонсын
Қыдыр қонсын
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.