Белгісіз жанр - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Белгісіз жанр

Материалдар санатында: 1006
Материалдар көрсетілді: 121-130
Беттер: « 1 2 ... 11 12 13 14 15 ... 100 101 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жылдарды салып араға, кездеспей кеттік досым-ау                                              
Болармен өзің қасында оңаша шақта осынау
Болармен өзің қасында оңаша шақта осынау

Қайырмасы:
Өтеді өмір дөңгелеп
Жөні бөлек жол бөлек
Мейрімге жаным шөлдейді
Дос жоқ көңіл, бір бөлек
Десе де тірлік базарлы
Достың жөні бір бөлек
Қас қағым мынау жалғанда
Сағынатын дос керек
Алыстап кетті балалық, қоңырау сонгы соқты да
Аңсайды екен адамдар, бір мезгіл өткен шақты да
Аңсайды екен адамдар,бір мезгіл өткен шақты да

Өтеді өмір дөңгелеп
Жөні бөлек жол бөлек
Мейрімге жаным шөлдейді
Дос жоқ көңіл, бір бөлек
Десе де тірлік базарлы
Достың жөні бір бөлек
Қас қағым мынау жалғанда
Сағынатын дос керек
Жанымның төгіп жаңбырын,айтар ем бастан өткенді
Қызыққа толы көктемнің,екенін бәрі шектеулі
Қызыққа толы көктемнің,екенін бәрі шектеулі

Қайырмасы:
Өтеді өмір дөңгелеп
Жөні бөлек жол бөлек
Мейрімге жаным шөлдейді
Дос жоқ көңіл, бір бөлек
Десе де тірлік базарлы
Достың жөні бір бөлек
Қас қағым мынау жалғанда
Сағынатын дос керек
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге - келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғышақ болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр
Дадур-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа өңкей жаман таласып жүр

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Қолында Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Толтырады бір көңілдің отын достарым
Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадың
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын
Жүріндер сендер қолықтан демеп, достарым

Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!

Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер
Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?
Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бір

Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін
Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен
Биіктен сайлап орнын адал шын достың

Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Шын қуаныш шын мұңды бөліспейміз
Баяғыдай тым жиі көріспейміз
Сыпайы боп тұрсақ та білінеді
Біріміз күн біріміз теріскейміз

Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен
Сол достығымыз
Тағдыр салып талқыға тостыма күз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз

Жүр дейтұғын қайда кез біздің үйге
Үйме-жүме жүруші ек сол бір кезде
Оқиға емес ол қазір түс секілді
Қашан түстік білмейміз бұндай күйге

Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен
Сол достығымыз
Тағдыр салып талқыға тостыма күз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз

Күлімжиміз бұған түк жауап таппай
Дос қарайды-ау қашанда жанарды оқтай
Мүмкін олда мен құсап дос іздейді
Дос адамға япыр-ау неге тәтті-ай

Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен
Сол достығымыз
Тағдыр салып талқыға тостыма күз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – 
Күмбірлеген домбырасы барында.

Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Тағдыр жолы күтпеген жол, тосын-ау,
Гүлді өмірде, нұрлы өмірде осынау.
Бұл дүниеге ғашық болып жүрген шақта екеуміз,
Бал-балалық қоштасты ма, досым-ау.

Қайырмасы:
Көздер-ай жанған,
Көздер-ай арман,
Қайда-ау қайран, балғын шақ.
Досым-ау көктем,
Гүлді дәурен – сол бір шақ.

Жүрегіміз гүлге құмар ғашық па-ау,
Дауыл сезім толқытып сан тасытты-ау.
Келер күнді сағынып біз жүрген шақта екеуміз,
Балдәуренім қоштасуға асықты-ау.

Қайырмасы:
Көздер-ай жанған,
Көздер-ай арман,
Қайда-ау қайран, балғын шақ.
Досым-ау көктем,
Гүлді дәурен – сол бір шақ.

Бәлкім ерте есейдік пе өзіміз,
Інілердің жанарында көзіміз.
Көңілдерден кетпес мәңгі, кетпес мәңгі, досым-ау,
Армандарға ғашық болған кезіміз.

Қайырмасы:
Көздер-ай жанған,
Көздер-ай арман,
Қайда-ау қайран, балғын шақ.
Досым-ау көктем,
Гүлді дәурен – сол бір шақ.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Егіз сәби үніндей іңгәлаған
Домбырамның әуенін тыңда, балам.
Күй сырымен мерейім өсіп бірге,
Онсыз кейде көңілді мұң қамаған.

Арулардың арманы қол жетпеген,
Аналардың мейірімі өбектеген -
Бәрі-бәрі қос ішектен төгіледі,
Қоңыр сазын содан да бөлек көрем.

Ер жігіттің ерлігі ол жасымаған,
Пернесінде сөйлейді жасыл далам.
Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың
Өзі болып күй шертер ғасыр маған.

Сыр ашады Махамбет, Мәдилерім,
Ұрпағымен ұзартып ән-күйлерін.
Домбырасыз үйімнің сәні келмес,
Домбыра боп, туған жер, әлдилеген.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Әлдекім құсап дәурен сап,
Жүрмедім жайқап деме сен,
Қанағат, тоқтам, ар, нысап -
Қасиеттер ғой ең әсем.

Қайырмасы:
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Бас иең болып мен есен.

Талқыға салса тіршілік,
Таршылық көрдім деме сен.
Қаламын ширап, құлшынып,
Өзің бір сүйеп демесең.

Қайырмасы:
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Бас иең болып мен есен.

Ағаттық етсем кейде мен,
Ақылдан жұрдай деме сен.
Баяғы балғын бейнеңмен,
Жүздетіп күнде кеңесем.

Қайырмасы:
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Бас иең болып мен есен.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Мен ғашықпын жүрегімде әлі пейілімде
Сол сөздерің сөнбес шоқтай әлі кеудемде
Аймалаймын сені көзіммен
Жалықпасаң күтем төзіммен
Жылы сөзбен өзің емдерсің
Жүрегімді менің езілген

Қайырмасы:
Сене алмайсың неге сөзіме
Бақытымда бағым өзіңде
Қос аққудай мәңгі тізіліп
Бөленейік еркем сезімге, сезімге

Мен асықтым қол жетпейтін алыс сағымға
Сол сәуледе бар сияқты менің бағымда
Сені ойлаумен жаным күнімен
Жұлдыздарға қарап түнімен
Аялап өзінді сүйетін
Шын ғашықтың сәулем бірі мен

Қайырмасы:
Сене алмайсың неге сөзіме
Бақытымда бағым өзіңде
Қос аққудай мәңгі тізіліп
Бөленейік еркем сезімге, сезімге

Сене алмайсың неге сөзіме
Бақытымда бағым өзіңде
Қос аққудай мәңгі тізіліп
Бөленейік еркем сезімге

Сене алмайсың неге сөзіме
Бақытымда бағым өзіңде
Қос аққудай мәңгі тізіліп
Бөленейік еркем сезімге, сезімге
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бақытым бұлағымдай балауса құрығындай
Еркеледің сен
Көзімнің жалынымен сезімнің ағылымен
Еркеледің сен

Қайырмасы:
Сол бір сезім кетті қайда
Сол бір көзің қайда
Сол бір көктем оралмай ма
Бақыт қайта қона алмай ма

Шуақты арманымдай
Шұғыла тандарымдай
Еркеледің сен
Жанымның шаттығымен
Арымның пәктігімен
Еркеледің сен

Қайырмасы:
Сол бір сезім кетті қайда
Сол бір көзің қайда
Сол бір көктем оралмай ма
Бақыт қайта қона алмай ма

Сол бір сезім кетті қайда
Сол бір көзің қайда
Сол бір көктем оралмай ма
Бақыт қайта қона алмай ма

Ңур шашқан күнім болып
Сырласқан түнім болып
Еркеледің сен
Жанымның жаздарындай
Сағыныш саздарындай
Еркеледің сен

Қайырмасы:
Сол бір сезім кетті қайда
Сол бір көзің қайда
Сол бір көктем оралмай ма
Бақыт қайта қона алмай ма

Сол бір сезім кетті қайда
Сол бір көзің қайда
Сол бір көктем оралмай ма
Бақыт қайта қона алмай ма
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.