Белгісіз жанр - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Белгісіз жанр

Материалдар санатында: 1006
Материалдар көрсетілді: 241-250
Беттер: « 1 2 ... 23 24 25 26 27 ... 100 101 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сүйікті менің мектебім,
Самалды сая бағымдай.
Өзіңнен өсіп көктедім,
Талабым тасқа шағылмай.

Қайырмасы:
Еркелеп өстім жарқылдай,
Еңселі үйім, төрінде.
Анамның махаббатындай
Құшағың ыстық сенің де.

Үш десең күнге жетейін,
Баулыған өзің, мектебім.
Жерімді көркем етейін,
Әкеліп ерте көктемін.

Қайырмасы:
Еркелеп өстім жарқылдай,
Еңселі үйім, төрінде.
Анамның махаббатындай
Құшағың ыстық сенің де.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қызықты каникул кезінде
Асыр сап ойнадық, демалдық,
Сүйікті, мектебім, өзіңе
Қуанып қайтадан оралдық.

Гүл тердік тоғайда, орманда,
Шіркін-ай, жайдары жаз қандай.
Төл күтіп жайлауда, қырмаңда
Жинастық бидайды маржандай.

Сәулесі әйнекке шағылып,
Нұр төкті класқа көкте күн.
Келдік біз оқуды сағынып,
Сүйікті ұстазым - мектебім.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Табайын деп түнді іздеп күн келеді,
Күн соңынан ентігіп түн келеді.
Бірін-бірі осылай қуысумен,
Дөңгелейді уақыттың дөңгелегі.

Біз үшін де сан жылдар дөңгеледі,
Әр жыл алға өз жүгін өңгереді.
Шыр-көбелек осылай айналдырып,
Зыр жүгіртіп келесің сен де мені.

Кезім бе екен уақыттан сыр ұқпайтын,
Жүрегімде жүре ме тұнып қайғым.
Күн мен түндей өте ме тағдырымыз,
Бұл дүниеде ешқашан жолықпайтын.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ашыл, көңілім, жош ұрып!
Сөйле, тілім, жосылып!
Тереңнен барып тер гауһар,
Ақыл мен білім қосылып!
Қамалап келген қардарға
Көрінсін теңшең шешіліп.
Бізге деген халық тоны
Тұрғандай сырттан пішіліп.
Талабыма табылғай,
Талданған жібек есіліп.
Кәделі білгір емеспін,
Қанадан кеткен тесіліп.
Басымдық мен де сөйлейін,
Әуелінен кешіріп.
Жал ала алмай жатырмын,
Жаңа да көкке ісініп.
Халық ұйғарған жұмыстан,
Көргенім жоқ кешігіп.
Ая, көңілім, аптықпа,
Жиналған дудан шошынып.
Күлтеңдеп әкем көрген жоқ,
Сөйлейтін сөзден қысылып.
Таңырқатқан талайды,
Қызыл тілдің қызығын,
Зеңбіректей көшіріп.
Шәкіртімін ұстаның,
Қолы шебер, ісі нық.
Сөз бұранын жүргізген,
Көмірсіз күміс пісіріп.
Шайырлық жолы – шартарап,
Болғаным жоқ түсініп.
«Адасқанның – алды жөн»,
Ортаңа түстім шешініп.
«Пәлі, жорғам, дұрыс!» деп,
Көңілімді қойдың өсіріп.
Көңіліңді, халқым, аулайын,
Сөз саумалын ішіріп.
Түспей жүрмін төбеден,
Көңілдің құсын ұшырып.
Барымды базар етпесем:
«Еттің, - дерсіңдер, - кісілік».
Табылғандай тартынбай,
Алдарыңа әкелдім.
Жас қозыдай ысырып.
Бас қосқан базар сарапта,
Арзан менен қымбаттың
Қойылған нарқы кесіліп.
Таңдаушы – қардар сайма-сай,
Қызыл тілім, қынжылмай,
Сөйлейтін күнің көсіліп.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Түңгі жаңбыр мұзды жаңбыр тамшылар
Тамшылардан асқан қандай әнші бар
Тереземді шертіп жуған дауысың
Менің тыныш көңілімді қамшылап

Әй, тыныштық бір өзіңді сүйгім келеді
Өрт сезімнің жалынына күйдім көп
Оңашада арулары аспанның
Жер төсінде жатқандайма би-билеп

Қайырмасы:
Шертші тағы сезім шегін жаңбырым
Сен шығарсың сағынышым жан-жарым
Түңгі жаңбыр еске салар қуанып
Шуылдаған торғайлардың таңғы үнін

Күн астамшы бұлттың шашын жәй тарап
Жалт еткендей елестеп тұр ай қабақ
Жаттап алып түңгі жаңбыр дауысын
Құстар тағы айтып берер қайталап

Қайырмасы:
Шертші тағы сезім шегін жаңбырым
Сен шығарсың сағынышым жан-жарым
Түңгі жаңбыр еске салар қуанып
Шуылдаған торғайлардың таңғы үнін

Шертші тағы сезім шегін жаңбырым
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бұл-бұлдар сайраса есіңе ал
Өмірдің сырласу кеші бар
Сүюді білмейтін адамдар
Осынау өмірде несі бар

Қайырмасы:
Табиғатым
Махаббатым
Табиғатым
Махаббатым

Мен сені сағынам көктемде
Аққу қаз төбемнен өткенде
Шерлі бір домбыра дірілден
Әсем бір ән-күйлер төккенде

Қайырмасы:
Табиғатым
Махаббатым
Табиғатым
Махаббатым

Мен сені сағындым асылым
Сен жаққа қараймын жасырын
Толқиды кеудемде жас жүрек
Айта алмай ешкімге жан сырын

Қайырмасы:
Табиғатым
Махаббатым
Табиғатым
Махаббатым

Табиғатым
Махаббатым
Табиғатым
Махаббатым
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса

Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе

Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа
Түлкіге құмай қосып қиқулатса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса

Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Туған күн құтты болсын, ағайын
Ашшы бүгін көңіліңнің сарайын
Азырқанбай сыйлығымды қабыл ал
Қыздырып бір әннің отын жағайын

Қайырмасы:
Ойындағы жеткін асқақ арманға
Қайталанбас туған күнің жалғанда
Ортамызда тойдың биік сәні бол
Көтер көңіл жасың жасқа толғанда

Не жетеді туған күннің тойына
Пәк ниетті арнайықшы жолына
Бабалардың жалғастырып тілегін
Ақ боз жырын ұсынайық қолына

Қайырмасы:
Ойындағы жеткін асқақ арманға
Қайталанбас туған күнің жалғанда
Ортамызда тойдың биік сәні бол
Көтер көңіл жасың жасқа толғанда

Жаның сенің жамандықты білмесің
Дұшпандарың алыс салсын іргесін
Үлкен-кіші ағайының, достарың
Бата беріп, күліп-ойнап билесін

Қайырмасы:
Ойындағы жеткін асқақ арманға
Қайталанбас туған күнің жалғанда
Ортамызда тойдың биік сәні бол
Көтер көңіл жасың жасқа толғанда
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Нәр алып күннен, жаралған гүлден
Кеудемеде күй боп толғайтын
Қой жайып жалғыз, жапанда жүрген
Қызы ғой ол да Торғайдың

Қайырмасы:
Жайнаған дала көктемдей,
Шуағын жанға төккендей.
Торғай қызы салған ән,
Еркелеп маған жеткендей.

Іздесе жігіт, іздеткен қырдан,
Даланы бір ән шарлайтын.
Тапжылмай түнде күзетте тұрған
Қызы ғой ол да Торғайдың.

Қайырмасы:
Жайнаған дала көктемдей,
Шуағын жанға төккендей.
Торғай қызы салған ән,
Еркелеп маған жеткендей.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Тағынған тал бойына алтын алқа,
Сағынып Төлегенін Алтай, Арқа.
Ашады сүйіспендік жайып құшақ,
Дегендей: «Халқым сүйген келші, қалқа!»
Ай қаоқып, жұлдыз жүзі шығып шыңға,
Алтайды бөлегенде таңғы нұрға.
Айбыны Алтайдан да асып артқан,
Көз түсер алып тұлға, батыр тұлға!

Қайырмасы:
Найзасын көкке тіреген,
Семсерін айға білеген.
Алтайдан туған алып ұл –
Бұл арыстан Төлеген.

Туған жер, өскен орта, байтақ дала,
Махаббат, ыстық жүрек құмарлана.
Сүйеді Төлегендей ер баласын,
Баулыған батырлыққа Отан-ана.
Баласын алып Алтай құшағына,
Сүйеді, жүрегіне қысады да.
Сырласып таң атқанша, бірге болып,
Таң атса, тау қалады, ол ұшады да.

Қайырмасы:
Найзасын көкке тіреген,
Семсерін айға білеген.
Алтайдан туған алып ұл –
Бұл арыстан Төлеген.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.