Белгісіз жанр

Материалдар санатында: 1006
Материалдар көрсетілді: 381-390
Беттер: « 1 2 ... 37 38 39 40 41 ... 100 101 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Айнала аппақ ақша қар
Ауыл-аймақ оранған
Біз емес желден жасқанар
Қорықпаймыз бораннан

Боран күні бәріміз
Мал қораға барамыз
Бұзауханым тоңбайды
Жылы, жайлы қорамыз
Бұзауханым тоңбайды
Жылы, жайлы қорамыз

Көк балауса шөптері
Алдына жемін қоямыз
Әукешім сүтті көп беріп
Балқамаққа тоямыз
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Келін түсті, жолы ғой бұрынғының,
Біздің үйге бірі енді бұрымдының.
Ақ ниетпен аттағын босағаны,
Ағарып тұр әнекей шымылдығың.

Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда,
Қызыл шәлі жүзіңді жасырғанда.
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.

Ерке өскен даланың елігі едің,
Келін бол деп жіберді сені елің.
Шешем байғұс толқып жүр қайтсін енді,
Сен оның тұңғыш түскен келіні едің.

Алдыменен өзіңнің енең сынар,
Емендей бол бұл сынға, емен шыдар.
Жас келінге қаттырақ қарағанда,
Ширатып бір алайын деген шығар.

Жайнап жүрсең қып-қызыл кілемдейсің,
Масатыдай құлпырып күлімдейсің.
Қарияға сәлем қыл, көңілі қалар,
Қариялар қашанғы жүрер дейсің.

Анасын да осы елдің, атасын да,
Сыйлай бер, ажыратып жатасың ба?
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық,
Ықыласы үлкеннің батасында.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Шуағым, ақ айдыным, атқан таңым,
Өзіңе арналады салған әнім.
Өшпестей өміріме көрік берген,
Өзіңмен алауланып жанар бағым.

Үніңді естігенде кетем жырлап,
Билетіп көңіліме көңілді ырғақ.
Іңкәрім саған деген арта түсіп,
Кетеді жан дүнием сені тыңдап.

Жететін мақсат-мұрат тілегіме,
Кездессек махаббаттың жыр елінде.
Бағыма, арманыма алып ұшқан,
Ризамын сені сүйген жүрегіме.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақ дегелек - аппақ қана аруым,
Әсем еді баптап қанат қағуың.
Жақсылықтың, жақсы үміттің құсы деп,
Ардақтайтын сені бүкіл ауылым.

Ақ дегелек, таранушы ең паңдана,
Сымбатыңа қараушы едім таңдана.
Жылы ұяңды, бізді тастап бір күні,
Кеттің ұшып, мекенің боп маң дала.

Ақ дегелек - сағынышым, сұлуым,
Суытпашы жүрегіңнің жылуын.
Туған жерден қанша алыстап кетсең де,
Керек-ақ қой мойынды бір бұруың.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ақ желкен арман,
Бұлдырап алдан.
Жағада тұрмын дауыстап.
Балалық кезім,
Бейкүнә сезім,
Ақ желкен болып алыстан.

Өкініп кейде,
Өксиді кеуде,
Өмірдің заңы қатал-ақ.
Ақ желкен дейін,
Аңсатты-ау кейін,
Алғашқы мөлдір махаббат.

Ақ пейіл аспан,
Моншағын шашқан,
Көз жасы бекер тізілмес.
Ақ желкен арман,
Шақырар алдан,
Үміттің жібі үзілмес.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жадыратып жанымды жарық ұшқын,
Жанарыңнан жалт еткен жалын құштым.
Қанатына қондырып сағыныштың,
Аспанына арманның алып ұштым.

Қайырмасы:
Сен - таңдағы әнім,
Үмітім боп жалғанарым,
Самған әнім,
Сен - таң қаларым,
Бар ғаламнан таңдағаным,
Арман-әнім.

Шуағысың әндегі шырақтың да,
Қайнарысың мендегі бұлақтың да.
Сағындырып, сарғайтып, жылаттың да,
Жібек желдей жырыңмен жұбаттың да.

Қайырмасы:
Сен - таңдағы әнім,
Үмітім боп жалғанарым,
Самған әнім,
Сен - таң қаларым,
Бар ғаламнан таңдағаным,
Арман-әнім.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Шалқыған теңіз,
Толқыған теңіз,
Көгілдір көк айдыным, көк айдыным.
Биікте жүрген,
Бұлттарды сүзген,
Бұрынғы жоқ айбының, жоқ айбының.

Қайырмасы:
Аққу арман,
Күтемін алдан
Сағынып қанат қаға ма?
Толқыны тулап,
Шағала шулап,
Толар ма ауыл жағаға?
Арал, сен туралы айтам ән,
Арал, ақ айдыным аңсаған.
Арал, оралсаңшы қайтадан!
Арал!

Қарайған жерге,
Қуанған шөлге
Телміріп күн қарайды, күн қарайды.
Көк дауыл жеккен,
Кемелер шөккен
Жағада құм борайды, құм борайды.

Қайырмасы:
Аққу арман,
Күтемін алдан
Сағынып қанат қаға ма?
Толқыны тулап,
Шағала шулап,
Толар ма ауыл жағаға?
Арал, сен туралы айтам ән,
Арал, ақ айдыным аңсаған.
Арал, оралсаңшы қайтадан!
Арал!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ертеңге, қалқа, қарасаң,
Қол бұлғап арман тұрғандай.
Шақырып жарқын болашақ,
Бақытың отау құрғандай.

Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.

Ол жақта - бұлтсыз көк аспан,
Тұнығы таза лағылдай.
Самалы жанмен сырласқан,
Көктемнің нұрлы таңындай.

Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.

Ертегі күндей ертеңім,
Сүйгенім, жүрсең жанымда.
Сезімнің жайып желкенін,
Жасайық бақыт бағында.

Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Детімді менің қозғама,
Онсыз да ғұмыр азғана.
Айта алмай кеткен сырың бар,
Жадырап тұрған жазға да.

Қайырмасы:
Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!
Қай жаққа ауып барасың,
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп-жанасың!

Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан.
Қорғансыз болып туған соң,
Жақсылық күтпе тағдырдан.

Қайырмасы:
Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!
Қай жаққа ауып барасың,
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп-жанасың!

Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр.
Ажалдан қашқан тіршілік,
Сағымдай заулап аға бер!

Қайырмасы:
Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!
Қай жаққа ауып барасың,
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп-жанасың!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Құдірет-ау, махаббаттың асылы,
Жүрегімді жалындатып барады.
Саған ғана арналады, ғашығым,
Дүниенің бар қызығы, бар әні.

Қайырмасы:
Азабым да - сен,
Ғажабым да - сен.
Ажарым да - сен,
Базарым да - сен,
Айнаш-ау!

Кеудем толы найзағайдың жарқылы,
«Уһ!» - дегенде от шығады жүректен.
Қанатыңмен су себелеп, алтыным,
Өзің ғана құтқара гөр бұл өрттен.

Қайырмасы:
Азабым да - сен,
Ғажабым да - сен.
Ажарым да - сен,
Базарым да - сен,
Айнаш-ау!

Құдірет-ау, махаббаттың асылы,
Оянды ма алау атып арманың?
Дүниенің бар қызығын, ғашығым,
Жалғыз саған, жалғыз саған арнадым!

Қайырмасы:
Азабым да - сен,
Ғажабым да - сен.
Ажарым да - сен,
Базарым да - сен,
Айнаш-ау!
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.