Белгісіз жанр - Әндер мәтіндерінің тізбесі - Қазақ әндерінің мәтіндері. Қазақ тіліндегі әндер сөздері.








Белгісіз жанр

Материалдар санатында: 1006
Материалдар көрсетілді: 711-720
Беттер: « 1 2 ... 70 71 72 73 74 ... 100 101 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Алаулап алтын арай таң атқанда,
Шұғыласын шартарапқа таратқанда.
Дүние күйге толып баратқанда,
Әлемді Күн өзіне қаратқанда,
Мен сені көрсем деп ем таң атқанда.

Мен сені көрсем деп ем көктемімде,
Ақ нөсер құйып-құйып өткенінде.
Көгімнің бұлты ыдырап кеткенінде,
Құстар да қиқу салып жеткенінде,
Мен сені көрсем деп ем көктемімде.

Бақыттан шалқып тұрған шақтарында,
Балқып бір бас айналып жатқанымда.
Немесе мұңға терең батқанымда,
Жалғыз қап жастардың гүл бақтарында,
...Көрсем мен сені осынау шақтарымда!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қиялдап келіп өзіңді,
Қия алмай кетіп барамын.
Сағыныш деген сезімді,
Тыя алмай кетіп барамын.

Шығам ба деген жерімнен,
Шыға алмай кетіп барамын.
Сынам ба деген едім мен,
Сына алмай кетіп барамын.

Үмітім әлде кесілді,
Байқалмай кетіп барамын.
Айтам ба деген кесімді,
Айта алмай кетіп барамын.

Сырыңа сенің бүкпесіз,
Тоя алмай кетіп барамын.
Жырымның соңғы нүктесін,
Қоя алмай кетіп барамын.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жүректерді жырлатып, Құралай,
Жанарлармен тіл қатып, Құралай.
Сезім деген айдында, Құралай,
Кездесу де бір бақыт, Құралай.

Тамған жасы нұр-жақұт, Құралай,
Еріндермен құрғатып, Құралай.
Қиыса алмай амалсыз, Құралай,
Қоштасу да бір бақыт, Құралай.

Елікпей еш жырға түк, Құралай,
Кірпік ілмей түн қатып, Құралай.
Іңкәрлікпен үздігіп, Құралай,
Аңсаған да бір бақыт, Құралай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Неге ақ бұлттар бізден биік, жұлдыздар да жарық тым,
Неге құрақ тербеледі жағасында бұлақтың.
Неге аққулар мұхитты емес, айдын көлді сүйеді,
Неге, неге өзгені емес, жалғыз сені ұнаттым.

Тілсіз гүлдер құлпырады, неге сонша көрікті.
Құмыр бұлбұл құмырлана соларға ықлас бөліпті.
Бұлбұлым боп талмай сайрап тербемедің, әйтсе де,
Не сиқырмен есімді алдың, көңіл сен деп желікті.

Неге Ана-жер шаттанады күн шуағын төккенде,
Неге ақ қайың ынтығады, зарығады көктемге.
Ақ қайыңдай күттім аңсап, көктемім боп келмедің,
Албырт шақтар, от сезімдер оралмасқа кеткен бе?!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Біз барғанда әсем баққа – шалғынға,
Күлім қағып сен тұрушы ең алдымда.
Әлде терген гүлді ұмытып қалдың ба,
Әлде сені өкпелетіп алдым ба?!

Қайырмасы:
Алғы күнге жол аша,
Сол бір баққа тамаша.
Келші тағы, қалқатай,
Сырласайық оңаша!

Түсінбедім, құрбым, өзің қандайсың,
Кейінгі күн көз қиығын салмайсың.
Кейінгі күн кілт өзгерді мінезің,
Әлде нәзік сезіміңді алдайсың.

Қайырмасы:
Алғы күнге жол аша,
Сол бір баққа тамаша.
Келші тағы, қалқатай,
Сырласайық оңаша!

Сол бір кештер сырласатын таң аса,
Ұмытылмас кездер еді тамаша.
Тағы бізге куә болсын ай-жұлдыз,
Тағы келші, сырласайық оңаша.

Қайырмасы:
Болашаққа жол аша,
Сол бір баққа тамаша.
Келші тағы, қалқатай,
Сырласайық оңаша!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Таудың гүлі қол бұлғайды алыстан,
Маған сәлем жеткізгендей ғарыштан.
Сол бір сәтті, сол бір сәтті, сәулешім,
Түседі еске алғашқы күн танысқан.

Қайырмасы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім - өзіңнің,
Есендігің, саулығың.

Таудың гүлі сонда маған сыр айтқан,
Таудың түні тұнжыратқан, мұңайтқан.
Таудың селі сырғып аққан сәтінде,
Таудың желі көңілімді жұбатқан.

Қайырмасы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім - өзіңнің,
Есендігің, саулығың.

Таудың гүлі суықтарға тоңбаған,
Таудың гүлі бал бұлаққа қанбаған.
Қол жетпейтін, көз жетпейтін қияда,
Таудың гүлі желбіреу бір мәңгі аман.

Қайырмасы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім - өзіңнің,
Есендігің, саулығың.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайда жүрсің,
Жан шолпаны арайлым,
Сені іздеймін,
Төңірекке қараймын.

Сыр жасырып көлдің беті көлбейді,
Сағым қуған көңіл шіркін көнбейді.
Жүрсің қайда,
Қайда жүрсің, арайлым?

Қайырмасы:
Сені іздеймін,
Сені іздеймін,
Қараймын.
Кел, жұлдызым,
Кел, жұлдызым,
Көрейін.
Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.

Сырлы таңнан бір өзіңді іздеймін.
Жолыққанша үмітімді үзбеймін.
Келші, еркем, нұр жүзіңді көрейін,
Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.

Қайырмасы:
Сені іздеймін,
Сені іздеймін,
Қараймын.
Кел, жұлдызым,
Кел, жұлдызым,
Көрейін.
Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сағынып жүр едім,
Келер деп кешікпей.
Көп болды жүдедім.
Бір сәтке хабарыңды есітпей.

Қайырмасы:
Сәулешім, сағындым,
Тез жет, тез мен десең.
Жанымның жалынын
Кім басар,
Кім басар егер сен келмесең.

Алыстан үзіліп,
Жеткендей дауысың.
Мен жалғыз күн ұзын,
Шарлаймын, кеземін тау ішін.

Қайырмасы:
Сәулешім, сағындым,
Тез жет, тез мен десең.
Жанымның жалынын
Кім басар,
Кім басар егер сен келмесең.

Арайлы таңымдай,
Ақ сәуле нұрымсың.
Сен менің жадымда,
Жатталған мәңгілік жырымсың.

Қайырмасы:
Сәулешім, сағындым,
Тез жет, тез мен десең.
Жанымның жалынын
Кім басар,
Кім басар егер сен келмесең.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Аяулы, арманымдай асылым ең,
Өзіңмен тілдескенше асығып ем.
Ең алғаш көргенімде, ерке сәулем,
Көзіме оттан да ыстық басылып ең.

Қайырмасы:
Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.

От шашып жанарыңнан жымиясың,
Жаныма сарқылмастай сыр құясың.
Мәңгілік шаттық болып қоншы, сәулем,
Кеудеме орнат та әнмен жыр ұясын.

Қайырмасы:
Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар - құрдастар

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар - құрдастар

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.