Материалдар санатында: 132 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 ... 13 14 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың, Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай Өлең, даусын сағынып жүргенімде, Дауысы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай. Қайырмасы: Тау басында аршасы, Басына бұлбұл қонсашы. Оймақ ауыз, күлім көз, Жарым сіздей болсашы. Бәсі қымбат-ай базарда алашаның, Қызы сұлу болады Қарашаның, угай-ай. Көре алмай сағынып жүргенімде, Даусы қайдан шығады құдашаның, угай-ай. Қайырмасы: Тау басында аршасы, Басына бұлбұл қонсашы. Оймақ ауыз, күлім көз, Жарым сіздей болсашы.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ойда жоқта қалқам-ау сен кездестің де Жүректі салдың әуреге Сені сүйп қалғанымба біле алмадым Шомылдым шуақ сәулеге Қайырмасы: Аққудай аялап өтер едім Жаныңа салмай қаяу мұң Басқа бір жанның сен бағы екенсің Амалым барма аяулым Ай мүсінің кетпей қойды көз алдымнан Қырдағы қызыл гүлдейсің Қалқам-ау сен қайда болсаңда ұмытпа Мені есіңе алып жүргейсің Қайырмасы: Аққудай аялап өтер едім Жаныңа салмай қаяу мұң Басқа бір жанның сен бағы екенсің Амалым барма аяулым Аққудай аялап өтер едім Жаныңа салмай қаяу мұң Басқа бір жанның сен бағы екенсің Амалым барма аяулым Аққудай аялап өтер едім Жаныңа салмай қаяу мұң Басқа бір жанның сен бағы екенсің Амалым барма аяулым Амалым барма аяулым
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 4.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы Жағасында жайқалған жапырағы Қайырмасы: Үкілім-ай, көкем-ай Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай Ата анамды сағынып әнге салдым Бауырымның хабарын алмағалы Ақ қағазға хат жаздым қалам алып Жүрек сырын қозғалтып әнге салып Қайырмасы: Үкілім-ай, көкем-ай Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай Ата анамды сағынып әнге салдым Бауырымның хабарын алмағалы Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай Шалға кетіп қор болдым есім танып Қайырмасы: Үкілім-ай, көкем-ай Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай Ата анамды сағынып әнге салдым Бауырымның хабарын алмағалы
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Өлеңім ағайынды, абысынды, Қамшымның сазға тастап, сабы сынды. Жүруші ем жас күнімде асау тайдай, Қартайып енді менің сағым сынды. Қайырмасы: Ой, ідігай, Әттең қалқа қайтейін, Күнім ай-ай. Өлеңді айт дегенде іркілмеймін, Кісіні жақсы көрген шіркін деймін. Алдында көпшіліктің ән салғанда, Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін. Қайырмасы: Ой, ідігай, Әттең қалқа қайтейін, Күнім ай-ай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жаз болса жарқырыған көлдің беті Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар Есіме ақ еркемді алған кезде Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Шахарда Шалқар деген ұлтымыз бар Осында ер жігіттер, өңки қыздар Көлі бар құралай көз мөлдіреген Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба Қайырмасы: Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз Шалқар құмы өзімізге Күндей ыстық леп теңіз Өшпеген осы құмда жатыр белгі Комиссар ел қадірі өткен ізді Жолаушы жолың болсын деп тілейміз Сімірмей Шалқар суын құр кетпеңіз Қайырмасы: Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз Шалқар құмы өзімізге Күндей ыстық леп теңіз Шалқардың құм деп жерін құмсынбаңыз Құмы-құм суы лайлы осынады аңыз Еңбекпен бағы жанған шамы жанған Батырлар бақыттылар осындамыз Қайырмасы: Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз Шалқар құмы өзімізге Күндей ыстық леп теңіз Шұбат бар шұбатылған елімізде Батырлар әншіменен сері бізде Қашатын жекжаттықтан біздер емес Құда боп күйеу болып келіңіздер Қайырмасы: Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз Шалқар құмы өзімізге Күндей ыстық леп теңіз
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Келемін сен деп алыстан аңсап Тұршы күлімдеп жолыма қарап Жолдың азабын тарттым мен талай Сүйген жарыма жетем мен қалай Қайырмасы: Жүрегім менің дүрсіл дейді Алға тартқан мотордай А-а-ай Е-е-ей Жұлдыз қандай, ай қандай Шофер сүйген қыз қандай Жұлдыз қандай, ай қандай Шофер сүйген қыз қандай Әуеде ұшқан бір топ тырналар Қанатты қағып табыт қағындар Қаратып соны жерде мен тұрмын Сүйген жарыма сәлем айта бар Қайырмасы: Жүрегім менің дүрсіл дейді Алға тартқан мотордай А-а-ай Е-е-ей Жұлдыз қандай, ай қандай Шофер сүйген қыз қандай Жұлдыз қандай, ай қандай Шофер сүйген қыз қандай Шаңдатып жолмен ұшып келемін Қиялдап сені құшып келемін От болып жанып күймесін десең Басына жаным шықшы төбенің Қайырмасы: Жүрегім менің дүрсіл дейді Алға тартқан мотордай А-а-ай Е-е-ей Жұлдыз қандай, ай қандай Шофер сүйген қыз қандай Жұлдыз қандай, ай қандай Шофер сүйген қыз қандай
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бір жігіт үйленді жақында Білмейді жарының атыңда, Достары үйіне әкеліп берген соң Ие болып қалған ғой жас қызға Жас сұлу отырмай жылайды Бұрын ол көрмеген мұндайды Әр кімге жәүтеңдеп, жеңгейге жалынып Басына бостандық сұрайды Жеңгесі орнынан тұрады Жас сұлу алдына құлайды Ызага бұланып жеңгейге жалынып «Махаббат қайда» деп сұрайды Махаббат дегенің қолдағы Деп жеңгей қайнысың қолдады Бахытты болсаңдар егерде екеуің Шынайы махаббат солдағы Сол жерде бір кемпір тұр еді Бұл кемпір бұлай деп сөйледі Жас кезде махаббат дегенді білмеппіз Деп кемпір сол жерде күледі Сол кезде сыртқы есік ашылды Ішке бір жас жігіт атылды Шыдалмай жас сұлу Жігіттің мойнына орала-орала асылды Бұл жігіт сұлудың сүйгені Бұларды барша жұрт біледі Бахытты жандарға хиянат жасауға Қалайша барды екен жүрегі
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Дегенде Шапибай-ау, Шапибай-ау, Атымды талға байлап, келдім жаяу. Атымды талға байлап, келсем жаяу, Шапи қыз жатыр екен, ұйқылы-ояу. Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед, Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед. Шомылған айдын көлде аққудай боп, Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей, Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай. Бір ауылдың сыйласқан баласы едік, Ешнәрсе алып, ешнәрсе бермегендей, сәулем-ай. Қайырмасы: Шіркін, әннің бұлбұлы-ай. Өтеді дәурен бір күні-ай. Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен, Бір-біріне адамзат қонақ екен, сәулем-ай. Қызғалдақтай қызарған қайран жастық, Қазан ұрмай, қыс түспей солады екен, сәулем-ай. Қайырмасы: Шіркін, әннің бұлбұлы-ай. Өтеді дәурен бір күні-ай.
|
- ПІКІР ҚАЛДЫРУ
- Рейтинг: 0.0
- Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Белгісіз жанр [1006] |
Халық музыкасы [132] |
Рэп және Хип-хоп [0] |
Поп музыка [0] |
Рок музыка [0] |
Шансон [0] |