Халық музыкасы

Материалдар санатында: 132
Материалдар көрсетілді: 21-30
Беттер: « 1 2 3 4 5 ... 13 14 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырылып торта қойдым.

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы,
Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.
Зибаш-ай,
Қасыңның қара қиғашы-ай.
Құрбыңды, сәулем,
Сыйлашы-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ойлап тұрсам, дүние шолақ екен-ай!
Бір-біріне, беу, адамдар қонақ екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние-ай жалған-ай!

Қырмызыдай құлпырған қайран жастық-ай!
Қара жерге қар жаумай-ақ солады екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние жалған-ай!

Қудым сені-ай, дүние, жалықпай-ақ-ау
Ұстатпадың-ай судағы балықтай-ақ-ай!
Арман-ай, өтеді-ай дүние-ай жалған-ай!

Кейде оңыңды көрсетіп, кейде солыңды-ай
Танытпай-ақ-ау қойды-ау дидарыңды-ай!
Арман-ай, өтеді-ай, дүние-ай, жалған-ай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,
Сөзі бар алуа, шекер, балдан тәтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен,
Айтайын өлең қылып перизатты...

Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Ойымнан жатсам-тұрсам еш кетпейсің,
Басымды не сиқырмен әуреледің?!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ей, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген,
Артыңда мен ақ тұйғын жетем деген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айрылып сенен, сәулем, кетем деген.

Ей, Ардақ, сен ақ қоян шыңнан қашқан,
Артыңда мен ақ сұңқар түлеп ұшқан.
Қан қылмай ақ жүніңнен бір ілгізші,
Тамаша қарап тұрсын дос пен дұшпан.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.

Қайырмасы:
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей бозбала,
Сал осылай.

Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсаң ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.

Қайырмасы:
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей бозбала,
Сал осылай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қараойда ма ауылың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.

Қайырмасы:
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.

Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк.
Шынты көңілің, шын пейлің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.

Қайырмасы:
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бұл жастық бастан бір-бір өтер деймін,
Бал менен тәтті нәрсе шекер деймін.
Көргенде ұлы тойда сергексініп,
Ұзақшыл аттай жүйрік тепеңдеймін.

Жастық шақ өте шығар басымыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан.
Он бес пен жиырманың арасында,
Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қайырмасы:
Басың биік Алатау қары кетпес,
Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп жалған барады қапыда-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Қайырмасы:
Басың биік Алатау қары кетпес,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай,
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қыз қосылса теңімен жыламасын-ау
Көздің жасын көл қылып бұламасын

Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын қалқам даусыңнан

Екі жасты бақытты ете көр деп-ау
Біздер бата берейік сұраған соң

Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын қалқам даусыңнан

Айналайын қарағым асыл айнам-ау
Құрбыңызға болар ма тиер пайдаң

Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын қалқам даусыңнан

Сүйгендіктен мен саған айтар сөзім-ау
Ендігісін жан қалқа өзің ойлан

Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын қалқам даусыңнан
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ай қабақ алтын кірпік, қызыл ерін
Кел десең, неге аяйын аттың терін
Сары ағаш сазға біткен секілденіп
Қай жерде отыр екен бұраң белім

Базардан алып келген күміс құман
Жігітті адастырған қалың тұман
Арадан қыл өтпестей тату едік
Біздерге қастық қылған қай антұрған
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.